Ауа райының нашарлауына байланысты Астанадағы бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары 6 ақпан күні қашықтан оқуға көшірілді, деп жазады Ertenmedia.kz.
«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 ақпанда Астанада бұлтты болып, қатты жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі.
Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…-3°C болып, әрі қарай төмендейді.
Бүгін оңтүстікте дауылды жел соғады. Барлық өңірлерде ауа райы өте қолайсыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

