Қазақстанның оңтүстік аймақтарында күн құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, қатты жел соғады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ал республиканың орталық және солтүстік аймақтарында қар, көктайғақ және боран күтілуде. Батыста күн біршама суытса, шығыс өңірлерде керісінше күндіз ауа температурасы жоғарылайды.
Елордада бүгін күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Күндіз жел күшейіп, төменнен соққан боран күтіледі. Ауа температурасы күндіз де, түнде де -1…+1 градус аралығында сақталады.
Алматыда күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -1…+1 градус, күндіз +6…+8 градус болады.
Шымкентте ауа райы құбылмалы, жаңбыр жауады, түнде және таңертең қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні күшейеді. Түнде ауа температурасы +5…+7 градус, күндіз +10…+12 градус аралығында болады.
Түркістанда күн алабұлтты, жаңбыр, түнде және таңертең жауын күшейеді. Желдің қарқыны қатты болады. Түнгі уақытта +5…+7 градус, күндіз +9…+11 градус шамасында болады.
Қонаев қаласында күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -2…0 градусқа дейін төмендейді, күндіз +6…+8 градусқа дейін көтеріледі.
Талдықорғанда ауа райы алабұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде -3…-5 градус суық болса, күндіз -5…-7 градус аяз сақталады.
Қызылордада күн құбылмалы, қар аралас жаңбыр жауып, түнде тұман мен көктайғақ байқалады. Түнде -2…0 градус, күндіз -4…-2 градус суық болады.
Таразда күн алабұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. Уақытша тұман, көктайғақ, жел күшеюі күтіледі. Түнде -4…-6 градус аяз, күндіз ауа температурасы +12…+14 градусқа дейін жылынады.
Қар, тұман көктайғақ
Ақтауда күн бұлтты, қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз боран соғып, желдің күшеюі байқалады. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -3…-5 градус шамасында болады, әрі қарай төмендейді.
Атырауда күн бұлтты, түнде және таңертең аздаған қар жауып, тұман мен көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні артады. Түнде және күндіз -9…-11 градус аяз болады.
Оралда ауа райы құбылмалы, түнде қар жауып, боран соғады. Ауа температурасы түнде -16…-18 градусқа дейін төмендеп, күндіз -13…-15 градус аяз күтілуде.
Ақтөбеде ауа райы бұлтты, қар жауады, көктайғақ болады. Күндіз төменнен соққан боран, жел күшеюі байқалады. Ауа температурасы түнде және күндіз -7…-9 градус шамасында, әрі қарай суытады.
Қарағандыда күн алабұлтты, қар аралас жаңбыр жауып, боран, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз желдің күші артады. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…+1 градус аралығында болады.
Жезқазғанда ауа райы алабұлтты, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ, тұман болады, желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы күндіз де, түнде де -1…+1 градус аралығында сақталады.
Қостанайда күн бұлтты, қар жауады. Ауа температурасы түнде және күндіз -5…-7 градус болады.
Көкшетауда ауа райы құбылмалы, қар аралас жаңбыр жауады. Төменнен соғатын боран, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы күндіз де, түнде де -2…0 градус аралығында болады.
Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Төменнен соққан боран, көктайғақ, тұман байқалады. Түнде және күндіз ауа температурасы -3…-5 градус шамасында болады.
Павлодарда ауа райы бұлтты, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз боран соғып, жел күшейеді. Түнде -3…-5 градус аяз, күндіз 0…+2 градус жылы болады.
Семейде күн бұлтты, қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын күтілуде. Көктайғақ, боран болып, желдің екпіні күшейеді. Түнде -3…-5 градус суық болса, күндіз ауа температурасы +3…+5 градусқа дейін көтеріледі.
Өскеменде ауа райы бұлтты, таңертең және күндіз қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын болады. Боран, көктайғақ болып, жел күшейеді. Түнде -2…-4 градус, күндіз +3…+5 градус жылы болады.
Қазгидрометтің синоптиктері бұған дейін 10-12 ақпан күндері Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) болатынын хабарлаған. 10-11 ақпанда солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда, ал 11 ақпанда шығыста қатты жауын-шашын күтіледі. Елдің барлық аймақтарында көктайғақ, боран және екпінді жел болады деп болжануда.
2026 жылдың наурыз айы халық үшін ерекше жомарт болып, бірнеше ұзақ демалыс күндерін сыйлайды. Оны осы жерден білесіз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

