7 сәуір күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: жайлы әрі жылы күн райынан бастап, қатты жел мен нөсер жауынға дейін түрлі құбылыс байқалады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +4…+6°C болса, күндіз ауа температурасы +18…+20°C аралығында. Жел екпіні 9–14 м/с дейін күшейіп, күн салқындау сезілуі мүмкін.
Алматыда ауа райы жылы әрі жайлы болады. Жауын-шашын болжанбаған. Түнгі температура +11…+13°C, күндіз +23…+27°C-қа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с аралығында, қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай қалыптасады.
Шымкентте күн райы тұрақсыздау болады деп күтілуде. Бұлтты ауа райымен қатар, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с жетуі мүмкін. Түнде +10…+12°C болса, күндіз +22…+24°C шамасында жылынады.
Жалпы алғанда, елімізде көктемгі күн райының әркелкі сипаты сақталады. Солтүстік аймақтарда қалыпты жылылық, Алматыда жазға бергісіз жылы күн болса, Шымкент пен оңтүстік өңірлерде қатты жел, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Синоптиктер әсіресе оңтүстік тұрғындарына ауа райын мұқият ескеріп, жоспарларын алдын ала пысықтауды ұсынады.
Қазақстанда банктер азаматтардың мобильді аударымдары туралы мәліметті салық органдарына жолдай бастады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







