4 ақпанға арналған еліміз бойынша ауа-райын ұсынамыз Бүгін еліміздің бірқатар аймақтарында жауын-жашын болады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күн райы жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады: түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с. Түнде 19-21 градус аяз, күндіз 3-5 градус суық.
Алматыда ауа райы құбылмалы болады. Түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Желдің бағыты солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -1…+1°, күндіз +6…+8° жылы.
Шымкентте де көшпелі бұлт байқалады, жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен еседі. Түнде 2-4 градус аяз, күндіз +15…+17° жылынады.
Ақмола облысының батысында күндіз қар жауады. Солтүстігі мен шығысында тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз солтүстігі мен батысында 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде -12…-17°, оңтүстігі мен шығысында -21°, күндіз -2…-7°. Көкшетауда күн бұлтты, жауын-шашын болмайды, температура түнде -19…-21°, күндіз -4…-6° суық.
Алматы облысында, әсіресе таулы аудандарда жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде қатты жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады. Тұман түседі. Желдің күші 9-14 м/с, кей аудандарда 15-20 м/с жетеді. Түнде -7…+3°, күндіз 0…+9°. Қонаевта түнде жауын-шашын болып, тұман түседі, температура түнде -0…-2°, күндіз +4…+6° жылы.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде жауын-шашын күшейіп, көктайғақ болады. Тұман түсуі ықтимал. Жел батыстан 9-14 м/с, шығысында 15-20 м/с соғады. Түнде -3…+2°, шығысында -7…-12°, күндіз 0…+5°. Талдықорғанда түнде жауын-шашын, тұман, температура түнде -1…-3°, күндіз +1…+3°.
Түркістан облысының таулы аудандарында түнде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с, тау асуларында 15-20 м/с күшейеді. Түнде +1…+6°, күндіз +12…+17°. Түркістан қаласында жауын-шашын болмайды, түнде +2…+4°, күндіз +14…+16° жылы.
Батыс аймақтарда жауын жауады
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қар жауып, боран соғады. Тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с болады. Түнде және күндіз -15…-20°, шығысында -7…-12°. Оралда қар жауып, боран соғады. Температура тәулік бойы -16…-18°.
Атырау облысында солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады. Көктайғақ, тұман болады. Жел 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Температура -3…-8°, солтүстігінде -12…-17°. Атырауда ауа райы жауын-шашынсыз, түнде және күндіз -5…-7°.
Маңғыстау облысында қар, жаңбыр жауады, көктайғақ болып, боран соғады. Жел солтүстіктен 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с күшейеді. Температура тәулік бойы -3…+2°. Ақтауда ауа райы бұзылып, қар, жаңбыр аралас жауын-шашын болады. Түнде және күндіз -1…+1°.
Ақтөбе облысында қар жауады, кей жерлерде қатты болады. Көктайғақ, боран мен тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 7-12 м/с. Түнде -7…-12°, күндіз -4…+1°. Ақтөбе қаласында қар жауып, көктайғақ болады. Түнде -7…-9°, күндіз -0…-2°.
Қостанай облысының көп бөлігінде қар жауады, боран мен көктайғақ күтіледі. Тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде -10…-15°, күндіз -0…-5°. Қостанайда күн бұлтты, қар жауады. Температура түнде -13…-15°, күндіз -2…-4°.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында қар жауып, боран соғады. Тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с күшейеді. Түнде -18…-23°, күндіз -4…-9°. Петропавлда жауын-шашын болмайды, түнде -18…-20°, күндіз -7…-9°.
Павлодар облысының оңтүстік-шығысында аздап қар жауады. Тұман түсіп, жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, 7-12 м/с соғады. Түнде -18…-27°, күндіз -10…-18°. Павлодарда жауын-шашынсыз, түнде -25…-27°, күндіз -16…-18°.
Қарағанды облысында шығысында қар жауып, тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде -11…-21°, күндіз -2…-12°. Қарағандыда жауын-шашын болмайды, түнде -14…-16°, күндіз -3…-5°.
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз, тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде -2…-12°, күндіз -2…+3°. Жезқазғанда күн райы ашық, түнде -5…-7°, күндіз -1…+1°.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар жауып, боран соғады. Тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Түнде -6…-22°, күндіз -1…-16°. Өскеменде -11…-13°, Семейде -16…-18° аяз болады.
Қызылорда және Жамбыл облыстарында ауа райы құбылмалы, жауын-шашын күтіледі. Тұман мен көктайғақ болады. Түнде -5…+5°, күндіз +4…+15° аралығында. Қызылордада түнде +1…+3°, күндіз +7…+9°. Таразда түнде 0…+2°, күндіз +13…+15°.
Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов Bloomberg-ке берген сұхбатында компанияның алдағы жоспарымен бөлісті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

