7 ақпан, сенбі күні еліміздің басым аумағында ауа райы жауын-шашынды болады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -16…-18°C, күндіз -13…-15°C шамасында.
Алматыда ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауып, қарға ұласуы мүмкін. Жел жылдамдығы – 3-8 м/с. Түнде температура -2…-4°C болса, күндіз 0…+2°C аралығында.
Шымкентте күн құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Жел – 8-13 м/с. Температура түнде -1…-3°C, күндіз +4…+6°C аралығында болжанды.
Ақтауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде -6…-8°C, күндіз 0…+2°C шамасында.
Ақтөбеде аспан ашық, жауын-шашын жоқ. Жел – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -23…-25°C, күндіз -14…-16°C суық болады.
Атырауда ауа райы ашық әрі жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы – 9-14 м/с. Түнде -13…-15°C, күндіз -4…-6°C аралығында.
Жезқазғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел – 1-6 м/с. Түнде -16…-18°C, күндіз -8…-10°C суық болады.
Қарағандыда күн құбылмалы, қар жауады, желдің екпіні 15 м/с дейін күшейеді. Түнде температура -12…-14°C, күндіз -10…-12°C шамасында.
Көкшетауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – 5-10 м/с. Түнгі температура -20…-22°C, күндіз -13…-15°C аралығында.
Қонаевта күн құбылып, жаңбыр жауып, қарға ұласады. Жел жылдамдығы – 9-14 м/с. Түнде -2…-4°C, күндіз 0…+2°C шамасында.
Қостанайда ауа райы құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Жел – 7-12 м/с. Түнгі температура -24…-26°C, күндіз -13…-15°C аралығында суытады.
Қызылордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – 5-10 м/с. Түнде -10…-12°C, күндіз -3…-5°C аралығында.
Қар мен жауын
Павлодарда күн бұлтты, қар жауады. Жел – 9-14 м/с. Түнгі және күндізгі температура бірдей, -13…-15°C аралығында.
Петропавлда күн құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Жел – 9-14 м/с. Түнде -21…-23°C, күндіз -13…-15°C шамасында.
Семейде күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде және күндіз ауа температурасы -1…-3°C аралығында.
Талдықорғанда ауа райы құбылмалы болып, қар аралас жаңбыр жауады. Жел – 3-8 м/с. Температура түнде және күндіз 0…-2°C.
Таразда күн ала бұлтты, жаңбыр жауып, қарға ұласады. Жел – 9-14 м/с. Түнде температура -1…-4°C, күндіз +2…+4°C.
Түркістанда күн құбылмалы, жауын-шашын жоқ, жел – 8-13 м/с. Түнде -2…-4°C, күндіз +4…+6°C.
Оралда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел – 7-12 м/с. Түнде -19…-21°C, күндіз -9…-11°C.
Өскеменде күн бұлтты, қар жауады, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде және күндіз ауа температурасы 0…-2°C шамасында.
Вашингтон үшін Орталық Азия енді нақты экономикалық мүдделердің, әсіресе стратегиялық минералдар нарығындағы күрестің аймағына айналғанын тілшілеріміз талдап жазды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

