Қырғызстанда адам саудасына қатысты резонансты іс бойынша Қазақстан азаматшасы 12 жылға сотталды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, қылмыстық іс 2024 жылы қозғалған. Тергеу барысында Қазақстан азаматы мен Қырғызстан азаматы бірлесіп, кәмелетке толмаған балаларды заңсыз шетелге шығару арнасын ұйымдастырғаны анықталған.
Іс материалдарына сәйкес, Қазақстан азаматы А.А. Израиль азаматы А.Б.-мен келісімге келіп, материалдық сыйақы үшін Қырғызстан азаматы С.С.-дан үш баланы сатып алған. Тергеу нұсқасы бойынша, балаларға қатысты ауыр сипаттағы заңсыз әрекеттер жасалған. Олардың қатысуымен ар-намысқа қайшы, әдепке жат рәсімдер ұйымдастырылып, түсірілген материалдар мессенджерлер арқылы шетелдегі үшінші тұлғаларға жіберілген.
Сонымен қатар, аталған топ Қырғызстан азаматы Д.К.-ның екі баласына толық қамқоршылық рәсімдеп, оларға да ұқсас әрекеттер жасағаны белгілі болған.
Жиналған дәлелдер негізінде іс Бішкектегі Бірінші май аудандық сотына жолданды. 2026 жылдың 12 наурызында сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, Қазақстан азаматына 12 жыл, ал Қырғызстан азаматына 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, олардың мүлкі тәркіленді.
Құқық қорғау органдары мұндай қылмыстардың қоғам үшін аса қауіпті екенін атап өтеді. Адам саудасы, әсіресе балаларға қатысты әрекеттер, халықаралық деңгейде ауыр қылмыс саналады және оған қарсы күрес күшейтіліп келеді.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі өткен жылы сатып алған Tesla Cybertruck электромобилін қалай қолданып жатқанын айтты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







