Атырау облысының Махамбет, Құрманғазы және Жылыой аудандарында 2026–2028 жылдары аралығында балық шаруашылығын дамыту көзделген. Осы бағытталған бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Осы жобалардың алғашқысы биыл Махамбет ауданында іске қосылмақ. Атап айтқанда, «А-Дана» шаруа қожалығының жылына 15 миллион дана бекіре шабағын өсіруге қауқарлы зауытының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Сонымен қатар дәл осы ауданда жылдық қуаты 130 тонна тауарлы балық өсіру жобасы да жұмысын бастайды.
Облыста қазірдің өзінде 18 балық шаруашылығы кәсіпорнына 31 учаске бекітілген, қосымша 27 учаске резервте тұр.
– Өткен жылы өңірде 15 570 тонна балық ауланып, оның 9 700 тоннасы өңделді. Өнімнің шамамен 3 310 тоннасы Ресей, Әзербайжан, Украина, Грузия және Германия елдеріне экспортталды. Қазіргі уақытта облыста тауарлы балық өсіру ісі де қарқын алып келеді. Өңірдегі бес балық өсіру кәсіпорны түгелдей Атырау қаласында шоғырланған. Бұл өз кезегінде өнім көлемін арттырып, экспорт мүмкіндігін кеңейтеді, – деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Бекзат Сәрсенғали.
Айта кетейік, балық шаруашылықтары Жайық және Қиғаш өзендерінің бойында, Қиғаш өзенінің сағасында, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік-шығыс бөлігінде балық аулайды.
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесіп, өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту мен инвестиция тарту мәселесін талқылады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







