Қазақстан Ұлттық Банкі 10 000 теңгелік ескі банкноттарды жаңасына ауыстырудың мерзімін ұзартылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бүгінде Ұлттық Банк «Сақ стилі» деп аталатын жаңа банкноттар сериясын кезең-кезеңімен айналымға шығарып жатыр. Қазіргі кезде 20 000 теңгелік банкноттан басқа барлық номиналдағы банкноттар айналымға енген. 20 000 теңгелік купюра 2026 жылдың соңында айналымға шығады деп жоспарлануда.
Жаңа банкноттар енгізілген кезде ескі және жаңа үлгідегі банкноттар белгілі бір уақыт аралығында қатар жүреді. Осы кезеңде тұрғындар мен бизнес өкілдері ескі банкноттармен төлем жасай алады.
Сондай-ақ оларды жаңасына ауыстыра алады. Бұл аралық банктер мен бизнеске банкоматтар мен касса жабдықтарын жаңа үлгідегі банкноттарға бейімдеу үшін беріледі. Осындай тәсіл тұрғындар мен кәсіпкерлерге ешқандай асығыстықсыз, қолайлы жағдайда ескі купюраларды жаңасына айырбастауға мүмкіндік береді.
Қазіргі белгіленген мерзім бойынша 2026 жылы келесі номиналдардағы банкноттардың параллель жүру кезеңі аяқталады:
10 000 теңге – 2024 жылғы 28 маусымнан 2026 жылғы 27 маусымға дейін;
2 000 теңге – 2024 жылғы 25 желтоқсаннан 2026 жылғы 24 маусымға дейін.
Ұлттық Банк 10 000 теңгелік банкноттардың параллель жүру мерзімін ұзарту мәселесін қарастыруда. Себебі бұл номинал – тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында ең кең таралған банкноттардың бірі.
Сонымен қатар, 2 000 және 10 000 теңгелік банкноттардың бір уақытта айналымнан алынуы банк жүйесіне қосымша жүктеме туғызуы мүмкін. Сондықтан мерзімді ұзарту арқылы халық пен бизнес ескі банкноттарды жаңасына біртіндеп әрі қолайлы түрде ауыстырып, ескі банкноттардың табиғи түрде тозуына мүмкіндік береді.
Айта кетейік, параллель жүру мерзімі аяқталғаннан кейін де ескі үлгідегі банкноттарды барлық банктер мен «Қазпошта» АҚ бөлімшелері қосымша 3 жыл бойы, ал Ұлттық Банк филиалдары мерзімсіз айырбастай береді.
Жаңа және ескі үлгідегі банкноттар параллель жүру кезеңінде еліміздің бүкіл аумағында барлық төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруға, банк шоттарына салуға арналған заңды төлем құралы болып табылады.
Наурызда ел азаматтарын ұзақ демалыстар күтіп тұр. Бұл айдың ерекшелігі мереке күндері демалыспен ұштасып, жұмыс апталарын қысқарталады. Толық ақпарат осында.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

