Әнші Бақыт Шадаева Қытайдың «Қалқан» атты халықаралық өнер байқауында қазылар алқасының құрамында қызмет етуде, деп жазады Ertenmedia.kz.
«Өнерде ұлт болмайды, тек талант пен еңбекқорлық бар. Шығармашылықты шексіз сүйіп, өз ісіне адал берілгендер ғана биікке көтеріледі», – дейді әнші Бақыт Шадаева.
Байқау Орта Азия елдері, Моңғолия және Қытайдың жас таланттарының басын қосып отыр. Мұнда жас орындаушылар өз мүмкіндіктерін паш етіп, үлкен сахнаға жол ашуда. Осындай ауқымды өнер додасына қазылық ету Бақыт Шадаева үшін ерекше құрмет әрі жауапты міндет.
– Маған жас дарындардың өнерге деген ынтасы, талпынысы қатты әсер етті. Әрбір қатысушының көзі оттай жанып тұр. Өз талантын әлемге дәлелдеуге асыққан жастарға да, оларды өнерге баулыған ата-аналарға да ерекше алғысымды айтқым келеді. Осындай өнер байқаулары көп болсын. Қатысыңыздар, жеңіске жетіңіздер! – деді әнші.
Бақыт Шадаева сондай-ақ қазақстандық «ТАМШЫЛАР» шығармашылық тобы мен композитор Мақсат Жәутіковке де алғысын білдірді. Әнші Қытай ұйымдастырушыларының қонақтарды ерекше ілтипатпен күтіп алғанын атап өтті.
Байқауда Бақыт Шадаевамен бірге қазылар алқасының құрамында Қытайдың танымал бишісі, бірінші дәрежелі халық әртісі Гүлайза ханым бар.
Бұл байқау көрші елдердің мәдени байланысын нығайтып, жас таланттардың жұлдызын жағатын үлкен сахна. Бақыт Шадаеваның айтуынша, дәл осындай жобалар жас буынның өнерге деген сүйіспеншілігін арттырады.
Атышулы әзілкеш Нұрлан Сабыров тағы да даудың ортасында қалды. Күні кеше Ресейге кіре алмай, елге қайтып келген комик ресейлік баскесерлерге қолдау білдіргені үшін ұзақ жылға сотталуы мүмкін.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

