Алматы облысы Іле ауданы Асқар Тоқпанов ауылдық округінде республикалық референдум күні ерекше бастама ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
№42 мектепте орналасқан дауыс беру учаскесіне келген тұрғындар үшін «Бауырсақ party» атты ұлттық сипаттағы мерекелік шара өткізілді. Бұл күні дауыс беруге келген азаматтарға қазақтың ұлттық тағамы – ыстық бауырсақ үлестіріліп, шараға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.
Мұндай ерекше форматтағы бастама ауыл тұрғындарының азаматтық белсенділігін арттырып қана қоймай, бірлік пен татулықты да нығайта түсті. Шараға келген көпшілік бұл бастаманың ел үшін маңызды күннің маңызын арттырғанын ерекше атап өтті.
Ауылдық қоғамдастық мүшесі Салтанат Тәжиева мұндай бастамаларды жоғары бағалап, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
– Бүгінгі шара тұрғындардың көңілін көтеріп қана қойған жоқ, ұлттық құндылықтарымызды да дәріптеді. Бұл дауыс беруге келумен ғана шектелмей, халықтың басын қосып, бір-бірімен жүздесіп, пікірлесуіне мүмкіндік беретін игі дәстүрге айналып келеді, – деді ол.
Айта кетейік, қазақ халқында бауырсақ – береке мен молшылықтың, қонақжайлықтың символы саналады. Осыған орай ұйымдастырылған «Бауырсақ party» ауыл тұрғындарына ерекше мерекелік көңіл күй сыйлап, ұлттық дәстүрді жаңғыртқан шара ретінде есте қалды.
Танымал New England Journal of Medicine ғылыми журналы ең пайдалы диеталардың жаңа рейтингін жариялады. Екінші жыл қатарынан DASH диетасы жүрек саулығын сақтау үшін ең тиімді әрі пайдалы диета ретінде танылып отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







