Ақтауда өтіп жатқан республикалық референдум аясында өз таңдауын Ұлы Отан соғысының ардагері, 99 жастағы Василий Салазкин жасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Соғыс жылдарында ол Отан қорғап, еліміздің бейбіт болашағы үшін күрескен болатын. Ал бүгін ардагер тағы да өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, маңызды саяси науқаннан тыс қалмады.
Денсаулық жағдайына байланысты ардагер үйінде дауыс берді. №34 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері оның үйіне арнайы барып, тасымалды дауыс беру жәшігі арқылы дауыс беру рәсімін заң талаптарына сай ұйымдастырды.
Жасы жүзге жуықтаса да, кезінде бейбіт өмір үшін күрескен майдангер ел өміріндегі маңызды оқиғадан қалыс қалмай, елдің ертеңі үшін өз таңдауын жасады.
Айта кетейік, референдум күні денсаулығына немесе басқа да себептерге байланысты сайлау учаскелеріне келе алмайтын азаматтарға үйде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл шара барлық азаматтардың ел болашағына қатысты тарихи сәтке қатысуына жол ашады.
Василий Салазкин өңір тұрғындарына үндеу жолдап, бейбіт өмірдің қадірін бағалау керектігін еске салды.
Ардагердің айтуынша, соғыстың ауыр жылдары халыққа зор сынақ болды. Елдің еркіндігі мен тәуелсіздігі сарбаздардың батылдығы мен қайсарлығының арқасында сақталды. Бүгінгі күні бейбітшілік пен бірлікті сақтау өте маңызды. Ардагер замандастар мен жас буынға тарихты ұмытпай, ардагерлердің ерлігін құрметтеп, елдің болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
«Мен осы бейбіт өмір үшін күрестім. Бүгінгі тыныш өмірдің бағасын білейік. Балаларымыз бен немерелеріміздің бейбіт әрі бақытты өмір сүруіне жол ашатын дұрыс шешім қабылдайық», – деді ардагер Василий Салазкин.
Айтқандай, ұйқы безінің қабынуына қарсы зерттелген ең тиімді дәмдеуіш – куркума екенін білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







