Алматының Алатау ауданындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері бүгін өтіп жатқан республикалық референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Таңертең ерте сағат 07:00-де «Ақкент» шағын ауданындағы №161 сайлау учаскесінде адам қарасы қалың болды. Мұнда дауыс беруге келгендердің арасында аудандық Ақсақалдар кеңесінің өкілдері де бар. Олар ұлттық нақыштағы киімдерін киіп, референдумға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Бүгін біз ақсақалдар қауымы болып учаскеге жиналып, дауыс бердік. Ұлттық киім киіп келуіміз — бүгінгі күннің маңыздылығын, халқымыздың бірлігі мен ауызбіршілігін көрсетеді. Тұрғындардың белсенділігі жоғары, ел тағдырына бейжай қарамайтыны қуантады», – дейді ақсақалдар кеңесінің мүшесі.
Комиссия мүшелерінің мәліметінше, дауыс беру ұйымдасқан түрде, барлық заң талаптарына сай өтіп жатыр. Сайлаушылар учаскеге келіп, өз таңдауларын жасауда.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







