Бердібек Сапарбаевтың келіні Адель қайынатасының өмірлік ұстанымы мен тәлімін айтып берді, деп жазады Ertenmedia.kz.
«Жолдасымның әкесі үнемі адамдарға көмектесетін. Бірақ ол көмектің де түр-түрі болатынын анық түсінді. Ашыққан адамға бір рет балық берсең, ол бір күн тоқ болады. Ал қармақ сыйласаң, ол өмір бойы аш қалмайды. Бұл ол үшін жай ғана әдемі сөз емес, нақты өмірлік принцип болатын», – дейді Адель.
Оның айтуынша, Бердібек Сапарбаев қарыз бен кредитті жауып беруді сұрайтын адамдарға күмәнмен қарайтын. «Егер адамдардың сұрауы бойынша бәріне ақша тарата берсек, жалпы жүйе қалай шыдайды? Экономика, мемлекет, банк жүйесі не болады?» – деп нақты әрі әділ сұрақ қоятын дейді келіні.
– Ол әрбір адам қабылдаған шешімдеріне өзі жауапты екенін жиі еске салатын. Егер жауапкершілікті мемлекетке, жүйеге немесе басқа біреуге арта берсек, тек жеке тұрақтылығымыз емес, бүкіл экономика күйрейді деп есептейтін. Ол шынайы көмек дегеніміз – адамға тірек, білім, бағыт беру, оның өз аяғымен нық тұруына мүмкіндік жасау деп білетін, – деп есіне алды Адель.
Келіні қайынатасының тағы бір құнды өсиеті күнделікті тәртіп пен еңбектің маңыздылығы жайында екенін атап өтті.
– Ол әр адам еңбектенуі тиіс, бұл күнделікті қалыптасатын тәртіп деп айтатын. Бәрі кішкентай дүниелерден басталатын ұдайы айтып отырушы еді. Ояндың ба – төсегіңді жина. Тамақтандың ба – артыңды тазалап кет. Бұны «міндет» болғандықтан емес, осы қарапайым істер арқылы адамның бойында жауапкершілік қалыптасатындықтан жасау керек, – дейді Адель.
Оның сөзінше, кейде өзі асығыс болып төсегін жинауға үлгермей қалса, іштей қайынатасының дауысын еститіндей болады екен.
– Кейде «кейін жинай саламын» деп ойлап үлгеремін де, бірден есіме қайынатамның сөзі түседі: «Орныңнан тұрдың ба, төсегіңді жинап кет, содан кейін ғана күніңді баста». Осындай қарапайым нәрселердің маңызы жоқ сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ дәл осы кішкентай әрекеттерден адамның мінезі қалыптасады, – деп түйіндепті Сапарбаевтың келіні ойын.
Ал қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы, талғампаз сәнімен, сырлы үнімен көпшіліктің сүйіктісіне айналған Ерке Есмахан Мальдив аралдарынан ерекше фотоларымен бөлісті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

