Конституциялық реформа қажет пе? Әрине, қажет. Өйткені уақыттың талабы, қоғамның қажеттілігі мен сын-қатерлер күн сайын өзгеріп жатыр» дейді кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов.
– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияны халықпен онлайн түрде ашық талқылап, соңғы шешімді референдум арқылы қабылдау туралы ұсынысы үлкен саяси батылдық. Бұл жауапкершілікті халықпен бірге көтеру, маңызды шешімді кабинетте емес, көпшіліктің қатысуымен шешу.
Бүгінгі күрделі геосаяси ахуалда ел болашағына қатысты стратегиялық шешімдерді халықпен ақылдасып қабылдау әлсіздік емес, нағыз кемелдіктің белгісі. Қоғаммен үнемі диалогта болу қазіргі президентіміздің басты артықшылығы дер едім.
Конституция дегеніміз заңгерлердің ғана тілімен жазылған күрделі құжат болмауы тиіс. Ол әрбір азамат түсініп, өз өмірінде бағдар ретінде қабылдайтын басты құндылыққа айналуы керек. Халық түсінбеген заңның ешқашан жұмыс істемейтіні анық.
Ал бизнес үшін ең маңыздысы тұрақтылық, ашықтық және әділ ойын алаңы. Сонда ғана елге инвестиция келеді, экономика дамиды, бизнестің де көші алға басады.
Референдум дегеніміз – тек дауыс беру ғана емес, билік пен халықтың ашық сөйлесу алаңы. Осы науқан кезінде әрбір қала мен облыс басшылары да маңызды шешімдерді тұрғындармен ақылдасып шешсе, ұтарымыз көп, шығын аз болар еді. Халық қатысқан шешім – әрқашан сенімді әрі берік шешім.
Мықты мемлекет халықпен байланысын үзбейді. Заңдар тек қағаз жүзінде ғана емес, халықтың сенімінде өмір сүрсе ғана күшті болмақ.
Ең бастысы, референдумды халықты біріктіретін, ел бірлігін нығайтатын тарихи мүмкіндік ретінде қабылдауымыз қажет, – дейді кәсіпкер.
Атышулы әзілкеш Нұрлан Сабыров тағы да даудың ортасында қалды. Күні кеше Ресейге кіре алмай, елге қайтып келген комик ресейлік баскесерлерге қолдау білдіргені үшін ұзақ жылға сотталуы мүмкін.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

