Қазіргі заманғы университет жай ғана білім беру орны емес, ғылым мен инновацияны біріктіретін қуатты орталық. Әсіресе цифрлық дәуірдегі қарқынды технологиялық өзгерістер жағдайында білім беру жүйесі жаңа сын-қатерлерге тап болып қана қоймай, сол арқылы үлкен мүмкіндіктерге де ие болып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Дәстүрлі оқыту әдістері біртіндеп жаңа инновациялық тәсілдерге жол беруде. Бұрынғыдай дайын ақпаратты тек жаттауға емес, керісінше сыни ойлау қабілетін дамытуға, икемділік пен өмір бойы білім алуға бейімдеуге ерекше назар аударылады.
Бұл тұрғыда университеттердегі цифрлық платформалар, жасанды интеллект, виртуалды және кеңейтілген шындық технологиялары білім беру ортасын түбегейлі өзгертіп жатыр. Осының нәтижесінде оқу үдерісі интерактивті, дербес әрі әр студент үшін қолжетімді сипатқа ие болуда.
Жоғары білім беру саласында соңғы уақытта CRAFT-технологиялары кеңінен қолданысқа енгізілуде. Бұл инновациялық әдістеме – шығармашылық (Creative), рефлексиялық (Reflective), аналитикалық (Analytical), икемділік (Flexible) және командалық жұмыс (Teamwork) сияқты құзыреттерді дамытуға бағытталған тәсілдердің кешені. Әсіресе ғылыми-техникалық, инженерлік және биотехнологиялық пәндерді оқытуда осы технологиялардың орны бөлек.
Мысалы, шығармашылық компонент студенттерге күрделі инженерлік мәселелерді стандарттан тыс шешуге үйретсе, рефлексиялық компонент зертханалық жұмыстардан кейінгі бақылау күнделіктерін жүргізу арқылы өздігінен қорытынды жасай білуге баулиды.
Ал аналитикалық дағдылар студенттердің ғылыми мәліметтерді сыни тұрғыда талдауына негізделген. Бұл әсіресе биоинформатика мен генетика пәндерінде кеңінен қолданылады.
Икемділік дегеніміз – студенттердің тез өзгеретін технологиялық ортаға бейімделе алуы, жаңа құралдарды меңгеріп, белгісіз жағдайда шешім қабылдай білуі. Командалық жұмыс болса, түрлі саладағы мамандардың пәнаралық жобаларды тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.
CRAFT-технологиялары арқылы студенттердің тек кәсіби ғана емес, әмбебап құзыреттерін дамытуға мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде инновацияға бейім, бәсекеге қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлаудың басты шарты.
Контекст
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы осы бағыттағы жетекші оқу орны. ҚазҰУ қазір халықаралық стандарттарға сәйкес цифрлық трансформацияны белсенді жүзеге асырып жатыр. Онлайн платформалар, виртуалды зертханалар мен жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы білім сапасын арттырып, студенттердің ғылыми-зерттеушілік қабілетін дамытуды мақсат еткен.
Бүгінгі университет – іргелі теориялық білімді практикамен ұштастырып, қоғамның тұрақты дамуына үлес қосатын білікті мамандарды қалыптастыратын орталық.
Осылайша, цифрлық инновациялар заманында CRAFT және STEM-технологияларын тиімді қолданатын заманауи университеттер XXI ғасырдың сын-қатерлеріне дайын, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары түлектерді тәрбиелеуге зор мүмкіндік бермек. Бұл – білім беру саласының жаһандық тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы басты қадамы.
Атышулы әзілкеш Нұрлан Сабыров тағы да даудың ортасында қалды. Күні кеше Ресейге кіре алмай, елге қайтып келген комик ресейлік баскесерлерге қолдау білдіргені үшін ұзақ жылға сотталуы мүмкін.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

