«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 22 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Әсіресе, Жамбыл облысы мен Тараз қаласында дауылды жел тұрады деп күтілуде. Желдің екпіні кей жерлерде 25 м/с дейін жетуі мүмкін.
Астанада бұл күні ауа райы құбылмалы болып, қар жауады. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -21…-22°C, күндіз -17…-19°C болады.
Алматыда да ауық-ауық қар жауып, түнде -8…-10°C, күндіз 0…-2°C суық күтіледі. Жел 2-7 м/с жылдамдықпен соғады.
Шымкентте қар аралас жаңбыр жауып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы тәулік бойы 0…-2°C шамасында болады.
Атырауда қар жауады
Ақтауда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы – 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -6…-8°C, күндіз 0…+2°C аралығында.
Ақтөбеде күн бұлтты, қар жауып, ауа температурасы түнде -14…-16°C, күндіз -11…-13°C деңгейінде сақталады.
Атырауда қар жауып, жел баяу болады. Түнде -11…-13°C, күндіз -6…-8°C шамасында.
Жезқазғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -16…-18°C, күндіз -10…-12°C. Желдің жылдамдығы – 4-9 м/с.
Қарағандыда күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде -19…-21°C, күндіз -12…-14°C аралығында.
Көкшетауда қар жауып, түнде қатты аяз болады: -28…-30°C, күндіз -23…-25°C. Жел 2-7 м/с жылдамдықпен соғады.
Қонаевта күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, ауа температурасы түнде -11…-13°C, күндіз -1…-3°C шамасында.
Қостанайда жауын-шашынсыз, түнде -28…-30°C, күндіз -23…-25°C аяз сақталады.
Қызылордада қар жауып, жел 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз -4…-6°C аралығында.
Павлодарда күн бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Түнде -23…-25°C, күндіз -16…-18°C болады.
Петропавлда күн суық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -32…-34°C, күндіз -26…-28°C шамасында.
Семейде жауын-шашынсыз, жел баяу. Ауа температурасы түнде -22…-24°C, күндіз -15…-17°C аралығында.
Талдықорғанда күн бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде -14…-16°C, күндіз -7…-8°C шамасында.
Таразда қар жауып, жел екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз 0…-2°C болады.
Түркістанда қар жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы тәулік бойы -3…-5°C аралығында.
Оралда қар жауып, ауа температурасы түнде -15…-17°C, күндіз -10…-12°C болады.
Өскеменде күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 1-6 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -22…-24°C, күндіз -13…-15°C деңгейінде сақталады.
Мамандар тұрғындарға алыс сапарға шыққанда сақ болуға шақырады.
Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлемжеліге тіркелуге тыйым салу қажет. Депутаты Ерлан Сайыров осындай өткір ұсыныс жасады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

