«Қазгидромет» мамандары Қазақстан бойынша 7-8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміздің солтүстік-батысынан келетін циклондар әсерінен көптеген аймақтарда жауын-шашын болады. Республиканың батысында жаңбыр аралас қар жауып, жолдарда көктайғақ күтіледі. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде қар жауып, бұрқасын соғады.
«Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бірақ республика аумағында тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін», – дейді синоптиктер.
Температураға келсек, батыс аймақтарда түнде 5-16 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін жылынады, ал күндіз –10 градус суық пен +3 градус жылылық аралығынан –3 градус пен +8 градус аралығына дейін көтеріледі.
Солтүстік, шығыс және орталық Қазақстанда ауа температурасы біршама төмендейді. Түнгі уақытта –3 –16 градустан –10 –25 градус аязға дейін төмендесе, күндізгі температура –1… –11 градустан –5–15 градусқа дейін суытады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыста температура айтарлықтай өзгермейді: түнде –1… –16 градус аяз, күндіз 0…+10 градус жылы болады. Тек таулы аудандарда күндіз 0…-10 градус аяз сақталады.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер қаңтар айы Қазақстанда климаттық нормадан жылы болатынын хабарлаған еді. Орташа ауа температурасы ел аумағында қалыпты деңгейден –1 –2 градус жоғары болады деп болжанып отыр.
Жыл аяғында дәрі-дәрмектер нарығында да айтарлықтай өзгерістер орын алып, «Супрастин» бағасы 18,5%, «Энап» 5,2%, «Канефрон» 1,4%, «Йодомарин» және «Азитромицин» 0,9%-ға арзандаған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

