Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
«Қазгидромет» мекемесінің хабарлауынша 4 желтоқсанда елімізде бойынша ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Қар, бұрқасын, еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында жауын-шашын күтіледі. Тек республиканың шығыс және оңтүстік-батыс аймақтарында күн райы жауын-шашынсыз болады. Сонымен қатар тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің екпіні күшейеді.
Қар, тұман және көктайғақ
Астанада қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.
Алматы қаласында тұман түссе, Шымкентте де тұман мен көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Өңірдің батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында тұман басады.
Алматы облысында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ байқалады. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ пен бұрқасын болады. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарда секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын байқалып, солтүстігінде, шығысы мен орталық аймақтарында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстікке ауысып, күндіз солтүстік-батыс өңірде екпіні 15-18 м/с дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың батыс, солтүстік, оңтүстік аймақтарында тұман күтіледі.
Ұлытау облысында қар, бұрқасын және көктайғақ болады. Өңірдің солтүстігі мен шығысында күндіз бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ солтүстік, шығыс және орталық бөлігінде тұман басады. Желдің екпіні облыстың шығысы мен оңтүстігінде 15-18 м/с жетеді.
Павлодар облысында қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың солтүстік, шығыс, оңтүстік өңірлерінде тұман түседі.
Еліміздегі циклонның кезекті маневрі
Қарағанды облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Өңірдің батысы, солтүстігі мен шығыс бөліктерінде тұман болады.
Қостанай облысында қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ байқалады. Өңірдің батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында тұман басады.
Атырау облысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі. Күндіз оңтүстік-шығыс аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, өңірдің оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында секундына 15-20 метрге күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын және көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде тұман байқалады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 23 метрге дейін күшейеді.
Абай облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, Жарма ауданында екпіні секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 25 метрге дейін жетеді.
Маңғыстау облысында тұман түседі.
Жетісу облысында тұман және көктайғақ байқалады. Облыстың Алакөл маңында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Айтпақгы, астрономдар ғарыштағы ерекше жұлдыздың таңғажайып тағдырын ашыпты, оқи отырыңыздар.

