Қазақстан аумағында 6 наурызда ауа райы тұрақсыз болады. Бұған еліміздің солтүстік-батысынан келетін бірнеше циклонның әсері себеп. Республика бойынша жауын-шашын болжанып отыр. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, көктайғақ пен тұман күтіледі. Солтүстік аймақтарда боран соғуы ықтимал. Оңтүстікте күндізгі температура біртіндеп жоғарылай бастайды.
Абай облысының солтүстігінде, шығысы мен орталығында қар жауып, боран мен көктайғақ болады. Аймақтың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Желдің екпіні орталық пен солтүстікте секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-7 градус суық, шығыста 10 градус аяз, күндіз 4 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында.
Ақмола облысында қар жауып, көктайғақ пен боран күтіледі. Түнгі және таңғы уақытта тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, секундына 9-14 метр, кей жерлерде екпіні 15-18 метрге жетеді. Түнде 5-10, солтүстік пен батыста 13 градус аяз, күндіз 1-6 градус суық болады.
Ақтөбе облысында аралас жауын-шашын жауады, көктайғақ пен боран болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге дейін күшейеді. Түнде 0-5, солтүстік-шығыста 8 градус суық, күндіз 0-5 градус жылы.
Алматы облысында, әсіресе оңтүстігі мен таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел секундына 17-22 метрге дейін күшейеді. Түнде -3 пен +2 градус аралығы, таулы аймақтарда 5-10 градус аяз, күндіз жазықта 3-8 градус жылы болады.
Атырау облысында жаңбыр мен қар аралас жауын жауып, көктайғақ пен тұман болады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде -2 мен +3 градус аралығында, күндіз 3-8 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, боран соғады. Аймақта көктайғақ пен тұман күтіледі. Желдің екпіні секундына 9-14 метрге жетеді. Түнде 2-7 градус, кей жерлерде 10 градус аяз, күндіз -4 пен +1 градус аралығында болады.
Жамбыл облысында қар аралас жаңбыр жауып, таулы аудандарда қар қалың түсуі мүмкін. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде -3 пен +2 градус аралығында, таулы жерлерде 6 градус аяз, күндіз 4-9 градус жылы.
Жетісу облысында жаңбыр мен қар аралас жауын жауады, тұман түсіп, жолда көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр. Түнде -3 пен +2 градус аралығы, таулы аудандарда 8-13 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы.
Қар жауып, боран соғады
Батыс Қазақстан облысында да жаңбыр мен қар аралас жауын жауып, көктайғақ болады, тұман түсуі ықтимал. Жел секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде -4 пен +1 градус аралығы, күндіз 0-5 градус жылы болады.
Қарағанды облысында қар жауып, боран, көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Жел секундына 9-14 метрге жетеді. Түнде 3-8 градус, шығыста 11 градус суық, күндіз -4 пен +1 градус аралығында болады.
Қостанай облысында қар жауып, көктайғақ болады. Тұман түсіп, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде 15-20 градус, оңтүстікте 5-10 градус аяз, күндіз 3-8 градус суық, оңтүстікте 0 градус.
Қызылорда облысында аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік пен орталықта тұман болады. Жел секундына 7-12 метр. Түнде -3 пен +2 градус аралығы, күндіз 5-10 градус жылы.
Маңғыстау облысында аздаған жауын-шашын күтіліп, көктайғақ болады, тұман түсуі ықтимал. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Түнде 0-5 градус жылы, солтүстік-шығыста 3 градус аяз, күндіз 7-12 градус жылы болады.
Павлодар облысында қар жауып, боран, көктайғақ болады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде 2-7, кей жерлерде 10 градус суық, күндіз 0-5 градус аяз.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, боран соғады. Тұман күтіледі. Жел секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде 15-20 градус, оңтүстікте 10 градус аяз, күндіз 5-10 градус суық, солтүстік-шығыста 13 градус аяз.
Түркістан облысында аздаған жаңбыр мен қар аралас жауын жауады, тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Жел секундына 15-20 метрге күшейеді. Түнде -2 мен +3 градус аралығы, күндіз 8-13 градус жылы болады.
Ұлытау облысында қар жауып, боран мен көктайғақ күтіледі. Тұман түсуі мүмкін. Жел секундына 9-14 метр. Түнде 2-7, шығыста 10 градус аяз, күндіз -2 мен +3 градус аралығында.
Ал ірі қалалардағы ауа райына келсек, Астанада қар жауып, боран соғуы ықтимал. Алматы мен Шымкентте аралас жауын-шашын болады. Алматыда күндіз +3-5, Шымкентте +9-11 градус жылы болады. Астанада түнде -6-8, күндіз -1-3 градус суық болады.
Айтқандай, Кембридж университетінің ғалымдары жаңа зерттеу арқылы адамдардың жұптық өмір салтына адалдығы приматтардан жоғары, бірақ құндыздарға қарағанда төмен деген қызық қорытындыға келіпті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







