Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдер жүктілік пен босануға байланысты 1,2 млн теңгеге дейін әлеуметтік төлем ала алады. Бұл төлемнің мөлшері қандай факторларға байланысты екенін және оны алу тәртібін түсіндіреміз, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жүктілік пен босануға арналған әлеуметтік төлемнің нақты көлемі әйелдің соңғы 12 айдағы орташа айлық табысы мен декреттік демалыстың ұзақтығына байланысты есептеледі.
Елімізде орташа есеппен бұл төлем шамамен 1,16 млн теңгені құрайды. 2026 жылдың басынан бері 30,8 мың адам осы төлемді алып үлгерді. Жалпы төленген қаражат көлемі 29,7 млрд теңгеге жеткен.
Бұдан бөлек, бала туғанда бір реттік мемлекеттік жәрдемақы да қарастырылған. Оның көлемі баланың отбасындағы туу ретіне байланысты анықталады:
Бірінші, екінші және үшінші бала дүниеге келгенде – 164 350 теңге.
Төртінші және одан кейінгі әр балаға – 272 475 теңге.
Сонымен қатар, баланың бір жарым жасқа толғанына дейінгі күтіміне байланысты да ай сайынғы жәрдемақы тағайындалады. Жұмыс істейтін ата-аналарға бұл төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан беріледі. Төлем көлемі соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды. Осылайша мемлекет ата-ананың табысының төмендеуін ішінара өтейді.
Қазақстанда ипотекалық бағдарламалар көп, бірақ олардың шарттары айтарлықтай ерекшеленеді. 2026 жылдың сәуірінде қолжетімді ипотекалық бағдарламалардың негізгі шарттарын Ertenmedia.kz сайты жазады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







