Денсаулық сақтау министрлігі медицина саласындағы қосылған құн салығын (ҚҚС) қолдану ережелерін нақтылау мақсатында жаңа қаулы жобасын әзірлеп, көпшілік талқысына ұсынды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Аталған жоба дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды импорттау және сату кезінде салық нормаларын біркелкі әрі ашық қолдануға мүмкіндік береді. Жоба 2026 жылдың 15 ақпанына дейін «Ашық НҚА» порталында ашық талқыланады.
Министрлік ұсынған өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №1203 және №1204 қаулыларына енгізілмек. Бұл құжаттарда медициналық мақсаттағы кейбір өнім түрлерін ҚҚС-тан босату және салық ставкасын қолдану ережелері реттелген.
Жобаның басты мақсаты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізімдерін Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (ЕАЭО СЭҚ ТН) өзекті кодтарына сәйкестендіру. Бұл қадам тауарларды жіктеу кезінде туындайтын сәйкессіздіктерді жойып, нарық қатысушыларының жұмысын жеңілдетеді.
Сондай-ақ, жобада ережелер мен тізімдерге берілген ескертпелер нақты әрі бірмәнді етіп жазылған. Осылайша, салық нормаларын әртүрлі түсінуге жол берілмей, тәжірибеде дұрыс қолдану қамтамасыз етіледі.
Жобада ұсынылған өзгерістер жаңа салықтар енгізбейді және қолданыстағы жеңілдіктерді алып тастамайды. Керісінше, тек құқықтық айқындық пен салықтық, кедендік әкімшілендірудің болжамдылығын арттыруға бағытталған.
Kaspi.kz сайтымыз арқылы Kaspi Gold картасының жылдық қызмет көрсету тарифін көтермейді, сондай-ақ Kaspi Pay қызметіне қатысты ешқандай өзгеріс енгізбейтіндерін хабарлады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

