Алматы облысының Кеген ауданында салынғанына бір жыл толмаған жаңа жолдың бір бөлігі опырылып, әлеуметтік желілерде таралап жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Таралған видеолардан Сарыжаз бен Кеген ауылдарының арасын жалғап тұрған асфальттің қақ айырылып түскенін көруге болады. Алдын ала болжам бойынша, жолдың бүлінуіне еріген қар суы әсер еткен көрінеді.
Желі қолданушыларының назарылықтарын білдіруде. Жаңа жолды былтыр депутат Ардақ Назаров тексеріп, бақалап кеткен еді. Жұртшылық «Депутатымыз осы жолды тексеріп кеткен еді. Дұрыс тексермепті…» деп желіге кекесін аралас пікірлер қарша боратуда.
Десе де, жаңа жолдың жылға жетпей «жылап» кеткені көпшілікті таңғалдырып отыр. Жол құрылысының сапасына қатысты тексеру жұмыстары жалғасуда. Ал жергілікті тұрғындар «бір депутаттың тексеруінен кейін жолдың жағдайы осындай болса, қалғандары тексермей-ақ қойсын» деген ащы әзілдерін айтып та қалды.
Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ісіне қатысты үкім шығарды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







