Қытайда Димаш Құдайбергеннің қатысуымен өткен Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық шоуының премьерасы ел көлеміндегі айтулы оқиғаға айналды, деп жазады Ertenmedia.kz.
DimashNews.com порталының мәліметінше, жобаның алғашқы шығарылымы 24 сағат ішінде 102 миллион қаралым жинады. Осылайша Қытайдың медиа рейтингтерінде абсолютті рекорд орнатқан.
Бағдарламаны тарататын Hunan TV телеарнасының есебінде көрсетілгендей, шоу Қытайдағы аймақтық спутниктік арналар арасында CVB ұлттық желісі және CSM71 қалалық желісінде алға шықты. Ал KuYun мен Huanwang-тың нақты уақыт режиміндегі рейтингтерінде бірінші орынға шыққан.
Voice Beyond Horizon жобасы бірден бірнеше елдің елшіліктері мен беделді БАҚ-тарының тікелей эфирінде қатар көрсетілген алғашқы жоба ретінде де тарихта қалды. Мысалы, Қазақстанның Қытайдағы елшілігі мен China Daily газеті шоудың тұсаукесерін бірге трансляциялады.
Бағдарламаға Қазақстан мен Малайзия елшіліктері ресми қолдау білдірді. Сонымен қатар жобаны Audiovisual China, People’s Daily English Client және China Daily сияқты Қытайдың жетекші басылымдары мен ұлттық деңгейдегі БАҚ бірауыздан жоғары бағалады.
Естідіңіз бе, Алматыда Әзербайжанның танымал әншісі Роза Зергерли Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны шығармашылығының 50 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

