Қытайлық Zeekr компаниясы 38 мың автокөлікті нарықтан кері шақырды: батареядан шыққан ақау себеп болып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қытайдың мемлекеттік нарықты реттеу басқармасы хабарлағандай, 2021 жылғы 8 шілде мен 2024 жылғы 18 наурыз аралығында шығарылған Zeekr 001WE модельдерінде батареяның өнімділігін төмендететін өндірістік ақаулар анықталған.
Компания қазір кері қайтарылған электрокөліктерді тексеруден өткізіп, қажет жағдайда қашықтан диагностика жүргізуді жоспарлап отыр.
Алайда Zeekr брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – Orbis Auto компаниясы бұл жағдайдың елімізде сатылған көліктерге еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
«Қазақстан нарығына ресми түрде жеткізілген барлық Zeekr автокөліктері аймақтың климаттық және техникалық ерекшеліктеріне бейімделген. Олар Catl компаниясының батареяларымен жабдықталған, аталған батареяларда ешқандай ақау жоқ және олар кері шақыртуға жатпайды», – деп түсіндірді компания.
Orbis Auto-ның хабарлауынша, Zeekr көліктері Қазақстанға еуропалық стандарттарға сай, техникалық талаптар мен қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жеткізіледі.
«Ресми дистрибьютор өндірушімен тұрақты байланыста. Қазақстандық сатып алушыларға ұсынылған Zeekr автокөліктерінің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты ешқандай алаңдаушылық туындамауы керек», – деп сендірді Orbis Auto өкілдері.
Біле жүріңіз, енді WhatsApp қолданушылары мессенджердің веб-нұсқасы арқылы компьютерден тікелей дауыс және бейнеқоңырау жасай алады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

