Ұлттық банк теңге бағамына қолдау көрсету үшін валюталық интервенция жасауды қажет деп санамайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Реттеушінің мәліметінше, биыл бірінші тоқсанда халық пен бизнес тарапынан шетел валютасына сұраныс төмендеген, ал мұнай бағасының өсуі теңгенің шамамен 5%-ға нығаюына септігін тигізген.
Сонымен қатар, «айна-қатесіз» сату механизмі аясында валюта нарығында шамамен 2,1 млрд доллар сатылған. Шетелдік инвесторлардың мемлекеттік бағалы қағаздарға салған қаражаты 375 млрд теңгеге артып, жалпы көлемі 2,2 трлн теңгеге жеткен.
Ұлттық банк қазіргі нарықтық ахуал іргелі экономикалық көрсеткіштер шеңберінде қалыптасқанын, сондықтан реттеушінің араласуын қажет етпейтінін мәлімдеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







