Келес ауданында республикалық референдумға қатысушылар ерекше белсенділік танытып жатыр. Аудан тұрғындары мен ақсақалдар сайлау учаскелеріне ұлттық киіммен келіп, саяси науқанды ұлттық рухпен байланыстырып, мерекелік көңіл-күй қалыптастыруда, деп жазады Ertenmedia.kz.
Учаскелерде ауданның өнерпаздары домбыра тартып, келген жұртқа көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.
Аудан тұрғыны Өмірзақ Әбдірахманұлы референдумның демократиядағы маңызды рөлін атап өтті:
– Референдум ел тағдырындағы маңызды шешімдерді халықтың өзі қабылдайтын ерекше мүмкіндік. Бұл – әрбір азаматтың мемлекет дамуына қосар үлесі әрі үлкен жауапкершілік. Әркімнің дауысы маңызды. Референдумға қатысу арқылы азаматтар қоғам өміріне бей-жай қарамайтынын дәлелдейді. Сондықтан, белсенділік танытып жатқан барша жерлестеріме алғыс айтамын, – деді ол.
Келес ауданында бүгін 61 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Ауданда барлығы 131 093 тұрғын бар, оның 69 812-сі дауыс беру құқығына ие. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Соңғы кезде моншаға бару денсаулықты жақсартудың сәнді трендіне айналды. Бірақ бұл үрдістің барлық пайдасын сезіну үшін қажетті ережелерді білу маңызды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







