Абзал Достияров Қазақстан Жазушылар одағына қатысты өз ұстанымын қайта қарап, көпшіліктен «одақтан кешірім сұрайын ба?» деп сұрады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Өткен жылдың соңында ол Қазақстан Жазушылар одағының елдегі маңызды мәселелерге үнсіздігін, белсенділік танытпай отырғанын сынаған болатын. Ол жазушылардың қазақ тілі мәселесіне қатысты ашық пікір білдірмейтінін алға тартқан еді.
Тіпті бұл ұйымды «сүмелектер мен сатқындардың мекені» деп өткір сынға алған болатын.
– Одақтың басшылығы ештеңе айта алмады, бірді-екілі мүшесі ғана сөз қайтарды. Бірақ олар да «бізге тиісе бермеңдерші, суретшілер мен композиторлар одағы бар ғой, соларға да ұрыссаңдаршы» деп бала сияқты жауап берді, – дейді қоғам белсендісі.
Алайда кеше Жазушылар одағының төрағасы бастаған бір топ жазушы «Түркістан» газетінде жарияланған Президент сұхбатын кеңінен талқылағанын естіген қоғам белсендісі бұл пікірі үшін ыңғайсызданып қалғанын да айтты.
– Енді ұялып отырмын. Сөйтсем, олар ақпарат құралдарында шыққан дүниені қалт жібермей қарап, қызу талқылап отырады екен ғой, – деп мысқылдап жазды Достияров.
Белгілі PR маман Айбар Олжайдың қазақ халқы, соның ішінде жаңа буын жастар орыс тілінен саналы түрде бас тарта бастағанын айтқан болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







