«Дьявол носит Prada 2» фильмі әлі жарыққа шықпай жатып рекорд орнатты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
20th Century Studios студиясының мәліметінше, фильмнің трейлері бір тәулікте 222 млн рет қаралған. Бұл – студия үшін рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін, 2025 жылы шыққан қысқа тизер де бір күнде 181,5 млн қаралым жинаған болатын.
«Дьявол носит Prada» фильмінің алғашқы бөлімі 2006 жылы жарық көріп, көрермен ықыласына бөленген еді. Онда сән әлемінің қатал талаптары мен ішкі тартыстары көрсетілді.
Жаңа бөлімде бұрынғы актерлер Мэрил Стрип, Энн Хэтэуэй, Эмили Блант және Стэнли Туччи қайта оралды. Мэрил Стрип сән әлеміндегі қатал Миранда Пристли рөлін қайта сомдайды. Энн Хэтэуэйдің кейіпкері Энди Сакс бұл жолы тәжірибелі маман ретінде көрінеді.
Эмили Блант пен Стэнли Туччидің кейіпкерлері де көрерменнің ерекше ықыласына ие болған еді. Фильмнің режиссері Дэвид Френкел де өз орнына қайта оралды. Сценарий авторлары сән индустриясындағы соңғы өзгерістерді зерттеп, фильмді заманауи етіп түсірген.
Фильм түсірілімі кезінде сән әлемінің танымал тұлғалары мен дизайнерлерінің тәжірибелері қолданылды. Туындының тұсаукесері 2026 жылдың күзінде өтеді. Сарапшылар фильм табысы алғашқы бөлімнен де жоғары болады деп болжауда.
Көрермендер фильмді асыға күтіп отыр.
Таиландтағы Кхао-Яй ұлттық саябағында туристі піл таптап өлтірді. Тайландқа саяхттап барғанда пілден абай болыңыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

