Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонару түрмеден ауруханаға ауыр халде жеткізілді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгені үшін сотталған экс-президенттің бронхопневмониямен жансақтау бөліміне жатқызылғаны белгілі болды.
DF Star ауруханасы 70 жастағы Болсонару 13 наурыз күні таңертең қатты дене қызуы, қалтырау және қандағы оттегі деңгейінің төмендеуі белгілерімен ауруханаға түскен.
Аурухана дәрігерлерінің бірі Болсонарудың жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.
Жаир Болсонару 2019 жылдан 2023 жылға дейін Бразилия президенті болған. Ол 2022 жылы өткен президенттік сайлауда қазіргі президент Луис Инасио Лула да Силвадан жеңілген соң, мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болғаны үшін 2025 жылдың қарашасынан бастап 27 жылға сотталған еді.
Экс-премьер Асқар Мәминнің немере інілерінің Лондындағы екі пәтерінің құны 15,7 миллион фунт стерлингтен (10,4 млрд теңге) асатыны белгілі болды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







