Қытайдың дәстүрлі көктем мерекесіне орай, 16-18 ақпан аралығында Қазақ-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде азаматтарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу тоқтатылады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды.
Ал теміржол арқылы өтетін бекеттер бұл күндері қалыпты режимде жұмыс істей береді.
Осыған байланысты Ertenmedia.kz тасымалдаушыларға және шекарадан өтуді жоспарлаған барлық азаматтарға енгізілген шектеулерді ескере отырып, маршруттарын алдын ала жоспарлауды ұсынады.
Айтпақшы елімізде мотор майын цифрлық таңбалау жүйесі енгізілетін болды. Көптен бері талас туғызып келген таңбалау құнына қатысты сұраққа Энергі министрлігі соңғы нүктені қойды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

