Көктемнің соңғы күндері Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болмақ. 26 наурызда елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталғанымен, кейбір өңірлерде күн күрт суытып, жел күшейеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Абай облысында күн ашық, жауын-шашын болмайды. Солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 9-14, оңтүстік пен орталықта екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-6°С, күндіз +8…+13°С, облыстың оңтүстігінде +18°С, шығысында +2°С жылы.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз ауа райы. Батыс, оңтүстік және шығыс аудандарда тұман түсіп, түнде жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Түнде 0…+5°С, күндіз +8…+13°С жылы.
Ақтөбе облысында күн ашық. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, облыстың орталығы мен оңтүстігінде 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде +2…+7°С, күндіз +17…+22°С жылы.
Алматы облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарда тұман түседі. Жел шығыстан, екпіні кей жерлерде 18-23, таулы аймақтарда 28 м/с дейін күшейеді. Түнде +5…+10°С, күндіз +18…+23°С жылы болады.
Атырау облысында түнде және таңертең солтүстік пен батысында аздаған жаңбыр жауады, батыста тұман түседі. Жел шығыстан соғады, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде +10…+15°С, күндіз +18…+23°С жылы.
Жел мен дауыл соғады
Шығыс Қазақстан облысында ауа райы ашық. Солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел шығыстан 9-14 м/с. Түнде -5…-10°С, шығысында -13°С, күндіз +5…+10°С жылы, шығыста -2°С суық.
Жамбыл облысында жауын-шашын болмайды. Оңтүстік пен таулы аймақтарда тұман, солтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді. Түнде +5…+10°С, күндіз +19…+24°С жылы.
Жетісу облысында ауа райы ашық болады. Солтүстігі мен таулы аймақтарында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, кей жерлерде екпіні 15-20, Алакөл ауданында 23-28 м/с жетеді. Түнде 0…+5°С, күндіз +18…+23°С жылы.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік және шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан 9-14, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с күшейеді. Түнде +4…+9°С, күндіз +15…+20°С жылы.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Батыс, солтүстік және оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан 9-14, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде -2…+3°С, күндіз +10…+15°С жылы.
Қостанай облысында күн ашық, жауын-шашын болмайды. Солтүстік, шығыс және оңтүстігінде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Түнде -3…+2°С, күндіз +9…+14°С жылы.
Қызылорда облысында ауа райы ашық. Оңтүстік, солтүстік және орталық аудандарда шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан 15-20 м/с. Түнде +4…+9°С, күндіз +19…+24°С, оңтүстікте +27°С жылы.
Маңғыстау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс пен солтүстігінде тұман түседі, солтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, солтүстік-шығыста екпіні 15-20 м/с. Түнде +11…+16°С, күндіз +23…+28°С жылы.
Павлодар облысында күн ашық. Батыс, оңтүстік және шығысында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с. Түнде -3…+2°С, күндіз +5…+10°С жылы.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстік пен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз шығысында аздаған жаңбыр күтіледі. Батыс пен солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Түнде -2…+3°С, күндіз +7…+12°С жылы.
Түркістан облысында жауын-шашын болмайды. Солтүстігінде шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан 15-20 м/с. Түнде +8…+13°С, күндіз +23…+28°С жылы.
Ұлытау облысында ауа райы ашық. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 7-12, оңтүстігінде 15-20 м/с күшейеді. Түнде 0…+5°С, күндіз +16…+21°С жылы.
Ірі қалаларда:
Астана: бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Түнде -3…-5°С, күндіз +8…+10°С жылы.
Алматы: бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +5…+7°С, күндіз +19…+21°С жылы.
Шымкент: бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8…+10°С, күндіз +25…+27°С жылы болады.
А-рамкалы үйлер көбіне ағаштан салынады және олар табиғатпен үйлесімді көрінеді. Олардың дизайны ерекше, сондықтан көбіне демалыс орындарында, шағын саяжайларда, тау шатқалдарында жиі қолданылады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







