Қазығұрт ауданында республикалық референдумға Социалистік Еңбек Ері Төле Ағабеков қатысып, өз дауысын берді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ауданның №307 дауыс беру учаскесіне келген ақсақалдың бұл ісі қоғамға деген жауапкершіліктің айқын көрінісі болып, жастар мен тұрғындарға үлгі болды.
– Референдум бұл мемлекеттің маңызды мәселелері бойынша халықтың тікелей өз еркін білдіретін демократиялық құралы. Әр азаматтың дауыс беруі – оның ел тағдырына бейжай қарамайтындығының белгісі. Сондықтан қоғамның әрбір мүшесі белсенділік танытып, ел болашағына ықпал ететін шешімдер қабылдауға атсалысуы тиіс, – деді Төле Ағабеков.
Айта кетейік, бүгінде Қазығұрт ауданында 60 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Аудан бойынша 64 473 азамат дауыс беру құқығына ие. Барлық учаскелерде таңғы сағат 7:00-ден басталған дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.
Білікті дәрігерлер бойыңызда 8 симптом байқалса, бірден маманға жүгінуге кеңес береді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







