Астана қаласындағы референдум учаскелерінде тұрғындарға арнап арнайы фотозоналар мен фотокабиналар ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бүгін дауыс беруге келген елордалықтар өз таңдауын жасап қана қоймай, осы тарихи сәтті естелік суретпен қалдыруға мүмкіндік алды.
Учаскелердегі фотозоналар арнайы тақырыптық стильде безендірілген. Сонымен қатар кейбір учаскелерде қала тұрғындарына арналған фотокабиналар орнатылып, азаматтар сол жерде-ақ бірден суретке түсе алады.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда жаңа Конституция жобасын қабылдау бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Ел азаматтары дауыс беру учаскелеріне келіп, маңызды қоғамдық-саяси мәселеге қатысты өз таңдауларын жасай алады.
Қанның қалыпты сұйықтық деңгейінде болуы, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Сол себепті күніне 1,5-2 литр сұйықтық тұтыну қажет.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







