7 сәуірде астрологиялық жағдай біршама өзгеріске ұшырайды. Айдың Сарышаян белгісінен шығып, Мерген белгісіне өтуі соңғы күндердегі ішкі мазасыздықты басады. Энергия қайта жанданып, тың идеяларға жол ашылады. Бұл күн белсенді әрі динамикалы болмақ, көкжиектер кеңейіп, жаңа шешімдер табуға мүмкіндік туады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тоқты
Таразы белгісіндегі толған Ай сіздің мүмкіндіктер мен перспективалар үйіңізді белсендіріп, алға жылжудың жолын анық көрсетеді. Бірақ бірден нәтиже шығару мақсат емес. Асықпай, тұрақты әрекетке көшкен жөн. Қадамдарыңызды айқындап, ретімен орындаңыз.
Торпақ
Айдың Мерген белгісіне өтуі сіздің ресурстар үйіңізде Күнмен үйлесімді аспект құрайды. Мұндайда ішкі түйсікке сүйенгеніңіз абзал. Қандай да бір іске қаржы немесе күш жұмсауды ойласаңыз, сезіміңізге құлақ салыңыз. Жүрегіңіз күмәнданса, шешімді кейінге қалдырған жөн.
Егіздер
Жақын қарым-қатынаста соңғы кезде шиеленіс байқалса, мәселе өздігінен шешілмейді. Ай мен Күннің үйлесімді байланысы бүгін ашық әңгімеге жол ашады. Тыныш жерде шынайы сөйлесуге уақыт табыңыз. Ал қарым-қатынасыңыз қазір орнықты болса, осы бірлікті бағалап, бірге жағымды кеш өткізіңіз.
Шаян
Бүгін күш салып қана жұмыс істеу жеткіліксіз. Айдың денсаулық секторындағы Мерген белгісінде болуы мен Күннің табыс үйіндегі тоғысынан денсаулыққа көңіл бөлу қажеттігі айқын көрінеді. Түскі уақытта жасалған қысқа серуен қалған күнге серпіліс сыйлайды.
Арыстан
Бүгін эмоцияңызды басқару оңайға түспеуі мүмкін. Мергендегі Ай мен Тоқтыдағы Күн эмоцияларыңызды ашық білдіруге итермелейді. Өз пікіріңіз дұрыс екеніне сенімді болсаңыз да, өзгелердің сөзін мұқият тыңдаңыз.
Бикеш
Ай мен Күннің бүгінгі байланысы сіз үшін маңызды әңгімеге есік ашады. Айналаңыздағы адамдардың көмегіңізге жиі сүйенуі немесе кейбірінің қылығы жұмысыңызға кедергі келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайда эмоцияңызды ішке бүгіп жүре бермей, мәселені сабырмен талқылаңыз.
Таразы
Бүгін сіздің кеңесіңізге сұраныс артады. Ай мен Күннің қолайлы аспектісі сіздің қолдау көрсету мен бағыт берудегі қабілетіңізді күшейтеді. Дегенмен өзіңізді шаршатпас үшін уақыт шекарасын белгілеген дұрыс. Жауабыңыз дайын болмаса, сұрақ қою арқылы адамның өз шешімін табуына көмектесіңіз.
Сарышаян
Айдың Мерген белгісіндегі орны ресурстар мен тиімділік үйіңізді белсенді етіп, өнімді жұмыс істеудің жаңа жолдарын көрсетеді. Кейде мәселе уақыт басқаруда емес, өзіңізге деген сенімділікте екенін ұмытпаңыз. Мінсіздікке ұмтылып, болмашы кемшіліктерге сын айтуды доғарыңыз.
Мерген
Айдың өз белгіңізге өтуі мен Күннің Тоқты белгісіндегі шығармашылық сектордағы әсері сізді батыл қадамға итермелейді. Өзгелер армандарыңызды тым асқақ санаса да, оларға мән бермеңіз. Сіз қойған мақсаттар – еңбегіңіз бен талпынысыңызға әбден лайық.
Тауешкі
Жағымды көңіл күй сізге жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Айдың ішкі процестер үйіңіздегі орны мен Күннің эмоциялар секторындағы үйлесімді байланысы ішкі кедергілерден арылуға сеп болады. Ұзақ уақыт мазалап жүрген әдеттерден немесе ойлардан бүгін бас тартсаңыз жеңілдеп қаласыз.
Суқұйғыш
Ай мен Күннің қарым-қатынас секторындағы үйлесімдігі сіздің әлеуметтік белсенділігіңізді оятады. Бірақ бұл барлық ұсынысқа келісе беру қажет деген сөз емес. Әдетте батыл идеялар ұсынып жүрсеңіз де, бүгін сізге қарапайым әрі тәжірибеге жақын шешімдер ыңғайлы болмақ.
Балықтар
Айдың мансап пен жетістіктер үйіндегі орны қаржы секторындағы Күнмен үйлесімді байланыс құрап, кәсіби мақсаттарыңызға қарай үлкен серпіліс береді. Бұл күні мансап жолында маңызды шешім қабылдап, сенімді қадамдар жасауыңызға болады. Әрекетке көшетін кез келді.
NASA ғарыш агенттігі Artemis II миссиясы аясында Айға бет алған Orion ғарыш кемесінің экипажы түсірген Жердің алғашқы суреттерін жариялады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







