Актер әрі ММА файтері Еркебұлан Тоқтар Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өзін жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Еркебұлан Тоқтардың айтуынша, титулды боксшының ұстанымы оған толық түсінікті және ол бұл сөздерден ешқандай менсінбеушілік немесе құрметсіздік көріп отырған жоқ. Керісінше, мәселені Даниярдың ашық әрі шынайы қойғанын атап өтті.
Тоқтардың пайымдауынша, жекпе-жекті екі қырынан қарау керек. Бірі спорттық, екіншісі қаржылық. Спорт тұрғысынан алғанда, мұндай айқастың мәні жоқ екенін өзі де мойындайды. Себебі, кәсіби спортта басты фактор кім мықты екенін дәлелдеуге деген ішкі қызығушылық.
Ал бұл жағдайда Елеусінов өз деңгейінің әлдеқайда жоғары екенін ашық айтқан. Олимпиада чемпионының сөзімен келіспеуге негіз жоқ, оған ренжудің де жөні жоқ деген ұстаным білдірді.
Еркебұлан Тоқтар өзіне баға беруде де шынайылықтан аттаған жоқ. Оның айтуынша, өзін мықтымын деп көрсетуге тырысудың қажеті жоқ. Олимпиада чемпионының деңгейі мүлде басқа екенін бәрі түсінеді. Рингке шықса, бір-екі раундқа шыдауы мүмкін, алайда нәтижесі алдын ала белгілі. Соған қарамастан, қаржылық жағынан мұндай жекпе-жек қызық екенін жасырмады.
Ол бұл тұста кәсіби спорт пен шоу-бизнес араласқан қазіргі жекпе-жек индустриясына назар аударды. Мысал ретінде америкалық блогер-боксшы Джейк Полды келтіріп, оның спорттық сынға қарамастан, үлкен қаржы тауып, медиялық кеңістікте өз орнын қалыптастырып отырғанын айтты. Мұндай айқастарды ол жеке жұмыс, яғни табыс көзі ретінде қарастырады.
Тоқтардың сөзінше, егер Данияр Елеусіновтен ұтылса, оны масқара немесе сәтсіздік деп қабылдамайды. Керісінше, Олимпиада чемпионымен бір рингке шығудың өзі үлкен жетістік. Әсіресе кештің басты жекпе-жегінде өнер көрсету кәсіби өміріндегі маңызды кезең болмақ.
Айта кетейік, бұған дейін Данияр Елеусінов те Еркебұлан Тоқтармен ықтимал жекпе-жектің спорттық мағынасы жоқ екенін, алайда қаржылық және медиялық тұрғыдан қызықты жобаға айналуы мүмкін екенін атап өткен болатын.
Танымал әнші Ақбота Керімбекова бұрынғы президенттің інісі, марқұм Болат Назарбаев туралы бұрын еш жерде айтпаған естелігін бөлісті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

