Ерлан Қарин Президент атынан Зейнеп Ахметоваға «Халық қаһарманы» атағының айрықша белгісі Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін табыстады, деп жазады Ertenmedia.kz.
2025 жылдың соңында президент Тоқаев Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапармен барды. Сол кезде аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы тарихи шешім қабылдап, арнайы жарлыққа қол қойған болатын.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин оқиғаның тарихи маңызына тоқталды. Бауыржан Момышұлына берілген жоғары марапат ел күткен әділдік екенін айтты.
– Халқымыз Бауыржан Момышұлын әрдайым батыр деп біледі, қаһарман деп қастерлейді. Мемлекет басшысының шешімі халықтың оған деген ерекше ықыласын одан әрі арттыра түсті. Ең бастысы, көптен күткен тарихи әділдік қалпына келтірілді, – деді Ерлан Қарин.
Сонымен қатар ол Момышұлының батырлық бейнесі, қайсар рухы мен өр мінезі бүгінгі жас буынға мәңгілік үлгі-өнеге екенін ерекше атап өтті.
Айта кетелік, өткен жылдың аяғында Тоқаев даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын берген болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

