Қарағанды облысында синтетикалық есірткі дайындап келген жасырын зертхананың жұмысы тоқтатылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Арнайы операция кезінде есірткі қылмысына қарсы күрес комитетінің қызметкерлері 33 жастағы ер адамды жеке үйдің шаруашылық жайынан ұстаған. Күдікті осы жерде мефедрон өндіретін ірі наркозертхана ұйымдастырған.
Тексеру барысында құқық қорғаушылар шамамен 20 келі мефедрон мен жарты тонна дайын есірткі өнімін тәркіледі. Бұдан бөлек, синтетикалық есірткіні дайындауға арналған заманауи жабдықтар, химиялық реагент толтырылған канистрлер мен есірткі өндірісінде қолданылатын 4 тонна прекурсор анықталған.
Мамандардың айтуынша, тәркіленген есірткінің көлемі 1,5 миллионға жуық бір реттік дозаны құрайды. Бұл өнім заңсыз нарыққа түсіп үлгермеген.
Қазір ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, оған өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалуы мүмкін.
Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы күрестің жаңа кешенді жоспары бекітілді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

