Алматыда референдум күні дауыс беру учаскелерінде арнайы фотоаймақтар жасақталды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қала тұрғындары үшін ерекше, әрі заманауи стильде безендірілген фотоаймақтар сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұл бастама дауыс берушілердің азаматтық ұстанымын көрсетіп қана қоймай, өміріндегі тарихи сәтті естелік суретке түсіріп қалдыруына мүмкіндік берді.
Барлық фотоаймақтар бірыңғай стильде жабдықталып, арнайы пресс-уоллдар, баннерлер, навигациялық элементтер және символдық бейнелермен көркемделген. Көптеген алматылықтар суреттерін әлеуметтік желіге жүктеп, #Референдум2026 хэштегі арқылы бөлісуде.
Мысалы, №89 дауыс беру учаскесіне келген тұрғындардың бірі референдумға қатысу өзі үшін ерекше тарихи оқиға екенін айтып, дәл осы маңызды күнді естелік суретпен бекітуге мүмкіндік туғанына қуанышты екенін жеткізді.
Қала тұрғындарының айтуынша, фотоаймақтардың ұйымдастырылуы дауыс беру процесіне ерекше әсер етіп, бұл күннің маңызын одан әрі арттырған. Көпшілік естелік суретке түсіп, достары мен туыстарына өз әсерлерімен бөлісуде.
Айтқандай, ұйқы безінің қабынуына қарсы зерттелген ең тиімді дәмдеуіш – куркума екенін білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







