Қазақстанда Сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия сиыр етін экспорттауға, жұмыртқа импорттауға және мал басын сақтауға қатысты шешімдер қабылдады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ұсынылған өзгерістерге сәйкес, фермерлік шаруашылықтарға етті экспорттауға қатысу мүмкіндігін арттыру үшін талаптарды жеңілдету көзделген. Өзінің ет өңдеу комбинаты бар шаруашылықтар үшін мал басының минималды шегі 500 басқа дейін төмендетілмек.
Өз ет өңдеу кәсіпорны жоқ ірі фермалар да экспортқа ет шығара алады. Егер шаруашылықта мал басы бес мыңнан асса, етті басқа ет комбинаттары арқылы шетелге экспорттауға рұқсат беріледі.
Сонымен қатар, жаңа ережелерге сәйкес, алты айлық мерзімге арналған жаңа, салқындатылған және мұздатылған сиыр етін экспорттау квотасы енгізілмек. Экспорттың жалпы көлемі 20 мың тоннаға дейін жетуі мүмкін.
Квота мөлшері шаруашылықтың мал санына тікелей байланысты болады:
Мал саны 5 мыңға жуық фермалар – 1 мың тоннаға дейін;
Мал саны 10 мың – 2 мың тоннаға дейін;
Мал саны 15 мың – 3 мың тоннаға дейін;
Мал саны 20 мың – 4 мың тоннаға дейін;
Мал саны 50 мыңға жуық ең ірі фермалар – 10 мың тоннаға дейін экспорттай алады.
Бұл құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған және қоғамдық талқылауда 19 наурызға дейін болады.
Үкімет шетелге шығарылатын сиыр етін тағы жарты жылға дейін қатаң бақылауда ұстайтын болды. Ауылмин ет экспортына қатысты шектеуді 2026 жылдың маусым дейін созғанын тілшілеріміз жазған болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







