Дүкен сөресіндегі әрбір шоколад шын мәнінде шоколад бола бермейді. Мамандардың айтуынша, сапалы өнімнің құрамы қарапайым болуы тиіс – какао майы, какао ұнтағы және қант. Қалған қоспалар тек қосымша элемент ретінде ғана қолданылады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Құрамында лецитин, ванилин немесе құрғақ сүт болуы мүмкін. Бірақ ингредиенттер саны неғұрлым аз болса, өнім соғұрлым сапалы деп есептеледі.
Нарықта бағаны арзандату үшін кей өндірушілер какао майының орнына арзан өсімдік майларын қосады. Мұндай өнім сырттай шоколадқа ұқсаса да, шын мәнінде кондитерлік плитка болып саналады.
Мамандардың айтуынша, кей елдерде заңнама мұндай алмастыруға рұқсат береді. Егер өнім мемлекеттік стандартпен емес, техникалық шартпен (ТУ) шығарылса, оның құрамын өндіруші өзі белгілейді. Сондықтан «шоколад» деп жазылған өнімнің өзі толыққанды шоколад болмауы мүмкін.
Сапаны тек қаптамадағы жазуға қарап емес, сыртқы түріне қарап та анықтауға болады. Шоколадтың беті жылтыр немесе күңгірт болуы мүмкін, пішіні тегіс не толқынды болуы – қалыпты жағдай. Әсіресе жаңғақ, мейіз сияқты қоспалары бар өнімдерде бұл жиі кездеседі.
Бірақ басты талап құрылымының біркелкі болуы. Қоспалар плитка бойына тең таралуы тиіс. Көпшілікті алаңдататын ақ қабық немесе «седина» да қауіпті емес. Керісінше, бұл шоколадтың табиғи екенін көрсетуі мүмкін. Мұндай қабық өнім дұрыс сақталмаған кезде пайда болады. Құрамында жасанды майлар бар шоколадта мұндай белгі болмайды.
Шоколадты тоңазытқышта сақтау ұсынылмайды. Ең қолайлы температура – 5-тен 22 градусқа дейін, ал ауа ылғалдылығы 70 пайыздан аспауы тиіс.
Табиғи шоколадтың пайдасы да бар. Оның құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендер мен минералдар көп. Ол мидың жұмысын жақсартып, эндорфин бөлінуіне әсер етеді.
Алайда мамандар шоколадты шамадан тыс тұтынуға кеңес бермейді. Күніне 30 грамм жеткілікті. Қысқасы, сапалы шоколад құрамынан басталады. Қаптамадағы жазуға ғана сенбей, оның ішкі мазмұнына назар аудару маңызды.
Балықты «миға пайдалы тағам» деп бекер айтпайды. Оның құрамында ағзаға аса қажет Омега-3 май қышқылдары бар.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







