Бүгін Байсерке ауылындағы №12 мектепте орналасқан №361 референдум учаскесінде тұрғындар ерекше форматта – этно-брейк мәдени шарасымен қатар дауыс беруде, деп жазады Ertenmedia.kz.
Этно-брейк стилінде ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттырып, ұлттық мәдениетті кеңінен насихаттау.
Референдум учаскесіне келген азаматтар өз таңдауын жасап қана қоймай, этно-брейк өнерін тамашалап, ұлттық дәстүрлердің заманауи үлгісімен танысуға мүмкіндік алды.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай тың бастама тұрғындардың саяси науқанға деген қызығушылығын арттырып, қоғамның бірлігі мен азаматтық белсенділігін нығайта түседі. Учаскеге дауыс беруге келген жұртшылық та бұл ерекше форматтағы шараны жылы қабылдап, белсенді түрде дауыс беріп, өз таңдауын жасауда.
№361 референдум учаскесінде дауыс беру бекітілген уақытқа дейін жалғасады. Жалпы тұрғындар белсенділік танытып, еліміздің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетуде.
Айтқандай, ұйқы безінің қабынуына қарсы зерттелген ең тиімді дәмдеуіш – куркума екенін білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







