Бірлік пен жауапкершілікті ту еткен «Everest Logistics Company» ұжымы республикалық референдумға ұйымшылдықпен қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бәйтерек ауданындағы №206 референдум учаскесіне компания қызметкерлері 12 арнайы техникамен келіп, ел болашағы үшін өз таңдауларын жасады.
Жұмыс қарқынына қарамастан, азаматтық белсенділік танытқан компания қызметкерлері ел өміріндегі маңызды саяси шарадан тыс қалмауды азаматтық парыз санайды.
– Референдум еліміздің даму бағытын айқындайтын маңызды кезең. Сондықтан бүгін біз ұжым болып дауыс беруге келдік. Бұл біздің елге, қоғамға, болашаққа деген жауапкершілігіміздің белгісі, – дейді компания қызметкерлері.
№206 референдум учаскесінде дауыс беру жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Барлық сайлаушылар еркін әрі қолайлы жағдайда өз таңдауларын жасауда.
«Everest Logistics Company» ұжымының бұл бастамасы азаматтық жауапкершіліктің және еңбек адамдарының ел тағдырына деген жанашырлығының жарқын көрінісіне айналды.
Соңғы кезде моншаға бару денсаулықты жақсартудың сәнді трендіне айналды. Бірақ бұл үрдістің барлық пайдасын сезіну үшін қажетті ережелерді білу маңызды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







