Жақында астрономдар Құс жолы глактикасының орталығын ерекше дәлдікпен бейнелейтін таңғажайып суретті ұсынды. Жаңа деректер Чилидегі Атакама шөлінде орналасқан Атакама үлкен миллиметрлік/субмиллиметрлік антенналық телескоптар жиынтығы (ALMA) арқылы алынды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Нәтижесінде галактикамыздың орталығында аса үлкен қара құрдымды айнала қозғалып, жұлдыздардың пайда болуына негіз болатын суық газдың күрделі торлары айқын көрінді.
Бұл зерттеу жұмысы «ALMA CMZ Exploration Survey» (ACES) жобасы аясында орындалды. Құс жолының Орталық молекулалық аймағы (CMZ) деп аталатын бұл өңір шамамен 650 жарық жылына дейін созылады. Аймақтағы газ бен шаң бұлттары өте тығыз және күрделі құрылымдарға ие. Бұл біздің Жерден анық бақылап, зерттеуге мүмкіндік беретін бірден-бір галактика орталығы.
ALMA бақылаулары арқылы бұл өңірден ондаған түрлі молекуланың бар екені анықталды. Мәселен, монооксид кремний, моносульфид көміртегі, метанол, ацетон және этанол сияқты күрделі органикалық қосылыстар кездеседі. Бұл молекулалар жұлдыздар пайда болатын газды бұлттар мен жіп тәрізді құрылымдарда қозғалады.
Осы молекулалық аймақта галактикамыздағы ең алып және ауыр жұлдыздар орналасқан. Олар қысқа ғұмыр кешіп, өмірінің соңында аса қуатты жарылыстармен (аса жаңа немесе гипержаңа жұлдыздар жарылысы) аяқталады.
Астрономдар жұлдыздар тууының осындай экстремалды жағдайларда қалай өтетінін зерттеп, галактикалардың алғашқы даму кезеңдеріне ұқсас процестерді де түсінуге мүмкіндік алады деп есептейді.
Зерттеушілер суреттің жоғары сапалы әрі күрделі болатынын күтті, бірақ соңғы алынған мозаика олардың болжамынан да асып түсті. Болашақта ALMA-ның сезімталдығын арттыратын жаңартулар мен ESO-ның алып телескопы арқылы галактика орталығын одан да терең зерттеп, ондағы жұлдыздардың, газдың және қара құрдымдардың өзара әрекетін бұрын-соңды болмаған дәлдікпен бақылауға мүмкіндік тумақ.
Жаңа сурет өткенге көз жүгіртіп, галактикамыздың алғашқы даму кезеңдеріндегі жұлдыздардың қалай пайда болғанын, экстремалды жағдайларда ғарыштық құрылымдардың қалай қалыптасқанын түсінуге жол ашады. Осылайша, ғаламның түкпір-түкпірінде айтылмаған әңгімелердің бар екенін, олардың газ бен шаңда жазылып, жұлдыздар сәулесінде бізге көрінетінін тағы бір еске салады.
Астрономдар ғаламдағы ең ірі әрі жарық жұлдыздардың өмірі туралы жаңа мәліметтерге қол жеткізді. Мұндай алып жұлдыздар рок-жұлдыздар секілді жарқырап туады, қысқа әрі ғаламат өмір сүріп, ерте сөнеді екен.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







