Ғылым ордасы мен Философия, саясаттану және дінтану институты өзара ғылыми ынтымақтастықты нығайту туралы меморандумға қол қойды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Келісімге Ғылым ордасының бас директоры Ұлар Мұқажанов пен Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Сәдуақасова қол қойды.
Меморандум аясында екі ұйым бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіп, ақпараттық-талдамалық жобаларды іске асырады. Сонымен қатар, ғылыми ақпарат алмасу, ортақ іс-шаралар өткізу және халықаралық тәжірибені тарту көзделген.
Кездесу барысында нақты жұмыс жоспары бекітіліп, зерттеушілерге Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорын пайдалану, ғылыми жобаларға қатысу, ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктері ұсынылды. Академиялық алмасуды дамыту мен ғылыми-мәдени мұраны сақтау да басты назарда болмақ.
Ұлар Мұқажанов бұл меморандумның ғылыми байланысты нығайтудағы маңызын атап өтті.
«Қол қойылған меморандум бірлескен жобаларды іске асырып, елдегі ғылыми әлеуетті арттыруға ықпал етеді. Бұл қадам ғалымдарымыздың зерттеулеріне жаңа серпін берері сөзсіз», – деді Ұлар Мұқажанов.
Бұл меморандум екі ұйымның ғылыми қауымдастықтағы байланысын күшейтіп, бірлескен зерттеулерді сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

