Gmail-дегі поштаңызды жылдам тазалауға мүмкіндік беретін ерекше функция бар екенін білесіз бе? Осы тәсілмен электронды поштаңызды бірнеше секундта ретке келтіруге болады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Кейде Gmail-ден жаңа хат туралы хабарлама келгенде, жұмыс туралы жағымды жаңалық не сәлемдеме жайлы ақпарат шығар деп үміттенесіз. Алайда көбіне бұрынғы университетіңіз немесе бұрын жойып тастаған фитнес-қосымшадан жазылған кезекті жарнамалық хат болып шығады. Мұндай хаттар күн сайын көбейіп, кіріс жәшігіңізді маңызды емес хабарламаларға толтырып жібереді.
Осындай жағдайға тап болсаңыз, әрбір хаттан жеке-жеке бас тарту – өте күрделі әрі жалықтыратын жұмыс. Бірақ Gmail-де бұл мәселені тез шешуге арналған «Жазылымдарды басқару» (Manage Subscriptions) атты пайдалы құрал бар. Ол кіріс жәшігіндегі барлық белсенді жазылымдарды бір жерге жинап, олардан бас тартуды жеңілдетеді.
Бұл функцияны пайдалану үшін:
Алдымен Gmail қосымшасын ашасыз.
Компьютерде болсаңыз, сол жақ бүйірлік мәзірден «Қосымша» («Подробнее») батырмасын басасыз.
Смартфонда болсаңыз, мәзір белгішесін (гамбургер) басу қажет.
Содан кейін «Жазылымдарды басқару» («Управление подписками») бөліміне өтесіз.
Осы жерден сізде белсенді тұрған барлық жазылымдардың тізімін көруге болады.
Кез келген жазылымды таңдағанда, сол жіберушіден келген хаттар тізімін қарап, қажет еместігін нақтылай аласыз.
Содан кейін «Жазылымнан бас тарту» («Отписаться») батырмасын басып, келесі қадамға өтесіз.
Бұл кезде екі түрлі хабарлама шығуы мүмкін. Біріншісі – бірден «Жазылымнан бас тарту» опциясы арқылы мәселені шешеді. Gmail бұл процесті өздігінен аяқтайды. Ал кейде «Бұғаттау» («Заблокировать») немесе «Веб-сайтқа өту» («Перейти на сайт») опциялары шығады. «Бұғаттау» таңдасаңыз, жазылым тоқтамайды, бірақ бұл жіберушінің хаттары бірден «Спам» папкасына кетеді.
Егер хатты мүлде алғыңыз келмесе, «Веб-сайтқа өту» батырмасын басып, жазылымнан сол сайт арқылы бас тартуыңызға тура келеді. Ескеретін жайт – жазылымнан бас тарту бірден жүзеге аспай, бірнеше күнге созылуы мүмкін. Сонымен қатар, жазылымнан бас тартқаннан кейін бұрынғы хаттар автоматты түрде жойылмайды. Оларды қолмен өшіруге тура келеді.
Айтқандай, әлем бойынша кең танымал WhatsApp мессенджері «Статус» бөліміне түбегейлі өзгеріс енгізбекші. Мұны біздің тілшілеріміз анықтап жазды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







