Google компаниясы жақын арада Pixel 10a деп аталатын жаңа смартфонын көпшілік назарына ұсынбақ, деп жазады Ertenmedia.kz.
Pixel 10a құрылғысының корпусы көк түсті болады және оның бір бөлігі қайта өңделген материалдардан жасалмақ. Бұл экологиялық тұрғыдан маңызы зор шешім екені белгілі. Сондай-ақ, смартфон Google-дың жаңа Gemini Live функциясын қолдайды.
Pixel 10a сыртқы дизайны бойынша былтырғы Google Pixel 9a смартфонына ұқсас. Смартфонның жақтаулары тегіс металл рамкамен қоршалған. Негізгі екі камера арнайы сопақ модульдің ішіне орналасқан.
Құрылғының басты камерасы 48 мегапиксельге (f/1.7 диафрагма), ал ультра-кең камерасы 13 мегапиксельге (f/2.2 диафрагма) ие болады. Алдыңғы селфи-камераның мүмкіндігі де 13 мегапиксель (f/2.2) деңгейінде болмақ.
Pixel 10a смартфонының экраны 6,3 дюймге тең, ал оның жаңару жиілігі секундына 120 Гц-ке жетеді. Бұл дисплейдің сапалы, жылдам әрі көзге ыңғайлы екенін білдіреді. Ал смартфон аккумуляторының сыйымдылығы 5100 мА·сағ болатыны хабарланды. Бұл құрылғының қуатын күні бойы сақтап, үздіксіз қолдануға мүмкіндік береді.
Google-дың бұл моделі орта санаттағы смартфондар арасында танымал болады деп күтілуде. Себебі Pixel сериясының смартфондары әдетте сапалы камерасымен, бағдарламалық қамсыздандыруымен және ұзақ мерзімді жаңартуларымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, қайта өңделген материалдарды қолдануы және экологиялық жауапкершілікке мән беруі пайдаланушылардың қызығушылығын арттыра түседі.
Айтқандай, Shell компаниясының бас директоры Ваэль Саван Қазақстандағы жаңа инвестицияларды уақытша тоқтататынын мәлімдеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!
