Бүгін, 5 қаңтар күні таңертең еліміздегі ең ірі банктердің бірі Halyk Bank клиенттері қолайсыздыққа тап болды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қазақстандықтар жаппай мобильді қосымшаға кіре алмай, аударым мен төлем жасау мүмкіндігінен айырылып қалғанын айтуда.
Бұл жағдай көптеген қолданушының жоспарын бұзған сыңайлы. Әлеуметтік желілерде Halyk SuperApp қосымшасының дұрыс жұмыс істемей тұрғаны туралы шағымдар көбейді. Клиенттер қосымшаны ашқанда экран бетінде «Қате» (Ошибка) деген жазу шығып, жүйеге кіруге рұқсат бермей тұр.
Банктің хабарлауынша, қазіргі уақытта сұраныс тым көп болғандықтан, жүйеге салмақ түскен. Қолданушыларға мынадай хабарлама келуде:
«Біз көптеген сұранысты өңдеп жатырмыз. Өтінеміз, сәл кейінірек қайталап көріңіз. Қате орын алды».
Ақаудың нақты себебі неде?
Көпшілікті алаңдатқан мәселеге қатысты қаржы ұйымы ресми түсініктеме берді. Банк өкілдерінің сөзіне сүйенсек, бұл уақытша шектеулер және ол жүйеге түскен шамадан тыс жүктемемен байланысты.
Қазіргі таңда IT-мамандар ақауды жою үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
-
Техникалық жұмыстар жүргізілуде;
-
Қызметтерді тұрақтандыру шаралары қолға алынған;
-
Мамандар ақауды қысқа мерзімде реттеуге уәде берді.
Басқа банктерде жағдай қалай?
Айта кетейік, цифрлық қызметтердегі мұндай іркілістер соңғы кездері жиілеп кеткендей. Бұған дейін қазақстандықтар «Отбасы банктің» қызмет сапасына да шағымданған болатын. Ол кезде де қолданушылар мобильді қосымша мен «Баспана маркет» платформасының дұрыс істемей тұрғанын, салдарынан маңызды операцияларды орындай алмай қалғанын жазған еді.
Қазір банктер бұл депозиттерге 20–20,5 пайыз аралығында ең жоғарғы сыйақы ұсынып отыр. Мұндай жоғары пайыз көбіне қысқа мерзімге (3–6 ай) ашылған депозиттерге берілуде.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

