Көпшілік иттер тек бұйрық арқылы ғана үйренеді деп ойлайды. Алайда соңғы зерттеулер кейбір иттердің адамдар сияқты «тыңдап отырып» жаңа сөздерді меңгере алатынын көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ғалымдардың айтуынша, қарапайым иттер «отыр», «жат» сияқты бірнеше команданы оңай үйренеді. Ал кейбір ерекше қабілетті иттер ондаған, тіпті жүздеген сөзді есте сақтай алады. Будапешт университетінің зерттеушілері иттердің жаңа сөздерді арнайы үйретпей-ақ, жай ғана адамдардың әңгімесін тыңдау арқылы үйрене ала ма деген сұраққа жауап іздеген.
Тәжірибеге ерекше қабілеті бар 10 ит қатыстырылған. Оларға жаңа ойыншықтың атауын екі түрлі тәсілмен үйреткен. Біріншісі – тікелей көрсетіп, атауын айту. Екіншісі – адамдар өзара сөйлесіп, ойыншықты талқылаған, бірақ итке тікелей бағытталмаған.
Әр сөз бірнеше рет қайталанып, жаттығу қысқа уақыт ішінде жүргізілген. Кейін ойыншық басқа бөлмеге апарылып, иттен соны алып келу сұралған. Нәтижесінде 10 иттің 7-еуі жаңа сөзді дұрыс меңгерген. Ең қызығы – тыңдап үйренген иттердің нәтижесі тікелей үйретілгендерден кем болмаған. Кей жағдайда дәлдік 100 пайызға жеткен.
Тағы бір тәжірибеде ойыншық алдымен көрсетіліп, кейін жасырылған. Содан кейін ғана оның атауы айтылған. Иттер сөз бен затты уақыт айырмашылығына қарамастан байланыстыра алған.
Бұл иттердің тек бұйрыққа ғана емес, қоршаған ортадағы ақпаратқа да назар аударатынын көрсетеді. Ғалымдардың пікірінше, мұндай қабілет сирек кездеседі, бірақ ол жануарлардың танымдық мүмкіндігі біз ойлағаннан әлдеқайда кең екенін дәлелдейді. Қарапайым айтқанда, кей иттер адамдар сияқты тыңдап, бақылап, жаңа нәрсені үйрене алады.
Айтқандай, Қызыл қоңыз ауыл шаруашылығы мен бақша үшін аса пайдалы табиғи «жыртқыш» екен. Қызыл қоңыздардың негізгі қорегі өсімдіктерге зиян келтіретін тля (өсімдік биті). Бір ғана қызыл қоңыз күніне ондаған, ал өмір бойы мыңдаған зиянкесті жоя алады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







