Жапонияның Kawasaki Heavy Industries компаниясы сутегі қосылған отын қоспасын пайдаланатын әлемдегі алғашқы коммерциялық газ қозғалтқышын таныстырды, деп жазады Ertenmedia.kz.
KG сериялы жаңа қозғалтқыштың басты ерекшелігі табиғи газ бен сутегіні араластырып, жанармай ретінде пайдалануында. Қоспадағы сутегінің көлемі 30%-ға дейін жетуі мүмкін. Бұл жаңалық энергетикалық компанияларға инфрақұрылымды толық жаңартпай-ақ, көміртегі қалдықтарын азайтуға мүмкіндік береді.
2025 жылдың қыркүйегінде Kawasaki Kobe Works зауытында 11 айға созылған сынақтан кейін жаңа қозғалтқышты өндіріске қабылдап, тапсырыс қабылдауды бастады. Қозғалтқыш қолданыстағы газ құбырлары мен сақтау жүйелеріне еш өзгеріссіз енгізіледі. Осылайша, ол энергетика операторларына сутегі инфрақұрылымы толық қалыптасқанша, табиғи газбен қатар сутегіні де пайдаланып, қоршаған ортаға зиянын азайтуға мүмкіндік береді.
Сутегі табиғи газға қарағанда әлдеқайда экологиялық таза болғанымен, сутегіге негізделген инфрақұрылым әзірше дамудың бастапқы кезеңінде тұр. Сондықтан сутегі-газ қоспасын пайдаланатын KG қозғалтқыштары өтпелі кезеңдегі тиімді шешім ретінде ұсынылуда.
Бұл қозғалтқыштың тағы бір ерекшелігі оны бұрыннан жұмыс істеп тұрған газ қозғалтқыштарына оңай бейімдеуге болады. 2011 жылдан бері әлем бойынша орнатылған Kawasaki қозғалтқыштары да сутегі қоспасын жағуға модернизацияланады. Осылайша, операторлар жаңа құрал-жабдықтарға үлкен шығын шығармай-ақ, қолданыстағы қозғалтқыштарды экологиялық талаптарға сәйкестендіріп, кезең-кезеңімен қалдықтарды азайту мүмкіндігіне ие болады.
Дегенмен, сутегіні пайдалану бірқатар техникалық қиындықтарды туғызады. Сутегінің жанғыштығы өте жоғары, әрі оның молекулалық өлшемі кішкентай болғандықтан, тиісті шаралар қабылданбаса, ағып кетуі мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін KG қозғалтқышына сутегі ағуын бақылап отыратын арнайы датчиктер және азотпен тазарту жүйелері орнатылған. 2024 жылғы қазаннан 2025 жылдың қыркүйегіне дейінгі сынақ кезеңінде инженерлер қозғалтқыштың сутегіні қауіпсіз жағуы мен сенімді жұмыс істеу қабілетін егжей-тегжейлі тексерді.
Жаңа қозғалтқыш коммерциялық қолданысқа дайын болғанымен, сутегімен қамтамасыз ету инфрақұрылымы толық дайын емес. Қазіргі уақытта Жапония энергия ресурстарының басым бөлігін сырттан әкеледі. Осы мәселені шешу мақсатында Kawasaki компаниясы сутегіні сақтау және тасымалдау инфрақұрылымына инвестиция салуда.
2025 жылдың қарашасында Kawasaki мен Japan Suiso Energy бірлесіп, Оғишима аралында сутегіні сұйық күйінде сақтайтын ірі терминалдың құрылысын бастады. 2030 жылға дейін ашылуы жоспарланған бұл терминал – Жапониядағы ең үлкен сутегі импорттау және сақтау орталығы болмақ. Мұнда сутегіні криогенді күйде сақтауға арналған 50 мың текше метрлік резервуар салынып, оны кемелер мен көліктерге тиеуге арналған арнайы жүйелер орнатылады.
Бұл жоба елдің сутегіні импорттау мүмкіндігін арттырып, қазба отынға тәуелділікті азайтуға және таза энергетикаға көшуге қолдау көрсетеді.
Ғалымдар Англияның Саффолк графтығынан ежелгі адамдар от тұтатқан ең көне дәлел тапты. Бұл от жағу орны шамамен 415 мың жыл бұрын неандертальдықтар тарапынан жасалғаны анықталды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







