Жыл қорытындысы бойынша Kcell Қазақстандағы ең жылдам мобильді интернеті бар оператор ретінде танылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Интернет қосылымының сапасын талдауға маманданған SpeedGeo платформасы байланыс нарығына арналған жыл сайынғы зерттеу нәтижелерін ұсынып, рейтингті пайдаланушылар жасаған нақты өлшемдер негізінде қалыптастырған.
SpeedGeo-ның 2025 жылғы есебіне сәйкес, орташа жүктеу жылдамдығы көрсеткіші бойынша көшбасшылық Kcell компаниясына тиесілі. Оператор желісіндегі download speed 61,1 Мбит/с деңгейіне жетіп, осы нәтижемен елдегі мобильді байланыс операторлары арасында бірінші орынға шыққан.
Зерттеу SpeedGeo платформасының V-SPEED мобильді қосымшасы арқылы жиналған краудсорсингтік деректерге сүйенеді. Қосымша интернет жылдамдығын пайдаланушылардың өз құрылғыларында өлшейді. Лабораториялық тесттерден айырмашылығы, өлшемдер абоненттердің күнделікті қолданатын ортасында – үйде немесе жұмыс орнында жүргізіледі. Мұндай тәсіл нақты пайдаланушы тәжірибесін көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазақстандағы мобильді интернет сапасын бағалау аясында смартфондар мен планшеттерден 59 214 тест тіркелген. Сымды интернет бойынша Ethernet және Wi-Fi қосылымдары арқылы 111 807 өлшем жасалған. Операторларды салыстырудағы негізгі индикатор ретінде деректерді жүктеудің орташа жылдамдығы алынған.

SpeedGeo әдістемесі интернеттің абоненттер тарапынан қалай қолданылатынын барынша шынайы көрсетуге бағытталғанымен, бірқатар шектеулерді де ескертеді. Нәтижелерге пайдаланушылар құрылғыларының техникалық мүмкіндіктері, үй желісінің жағдайы және байланыс арналарының жергілікті жүктемесі әсер етуі ықтимал.
Сонымен қатар, деректер көлемі жүз мыңдаған және миллиондаған өлшемдерді қамтитын ірі халықаралық платформалармен салыстырғанда шектеулі. Осы себепті зерттеу нәтижелерін бүкіл нарықты толық сипаттайтын әмбебап рейтинг ретінде емес, нақты пайдаланушы тәжірибесіне негізделген краудсорсингтік бағалау ретінде қарастырған жөн.
Айтпақшы, бұдан былай мектеп оқулығын дайындайтын апторлар тобына кемінде үш жоғары білікті маман енуі міндеттелді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

